Музыка Тақырыбы: «Еңбек бәрін жеңбек» Мақсаты: Балаларды еңбексүйгіштікке баулу. Би қимылдарын бекіту. Әр түрлі эмоцияға көзқарастарын білдіру.
Әуенді ырғақты қимыл:
«Добрый жук» («Күлше қыз»кинофильмінен)
Музыка тыңдау: «Бағбан жыры» Қ.Қайым
Ән айту: «Мен-бақытты ұланмын» М.Қуанышбаев
Ойын ойнау: «Бетперде» ойыны
Мүсіндеу Тақырыбы: «Қоңыз» Мақсаты: Пропорцияларды сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып екі бөліктен тұратын заттарды мүсіндеу.
Дид-қ ойын: «Мейірімді қоңыз»
ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР Ересек топ 2020 жыл мамыр айы
Өтпелі тақырып «Әрқашан күн сөнбесін!»
Мақсаты: «Денсаулық», «Коммуникция», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларының мазмұндары бойынша меңгерген білім, білік, дағдыларын анықтау, бекіту
Міндеттері: Дене жаттығуларын орындау, қимылды ойындар Ережелерін, спорттық ойындардың техникаларын меңгеру және жеке бас гигиеналарын сақтау дағдыларын бекіту;
Ана тілі және басқа да тілдерде барлық дыбыстарды дұрыс айту, қарым-қатынасқа түсу, сөйлемдердің әр-түрлі түрлерін қолдану және сөйлеу дағдыларын бекіту;
Тәулік бөліктерін, кеңістіктегі заттардың орналасуын, түрлі мәселелерді шешудің әдістерін және құрылыс бөлшектерін анықтау дағдыларын бекіту. Қоршаған орта туралы қарапайым түсініктерін анықтау;
Шығармашылық дағдыларын, отбасылық құндылықтарын және отансүйгіштік сезімдерін бекіту