ІVапта
«Мен жасай аламын»
|
Дене шынықтыру
Негізгі қимылдар:
1. Гимнастикалық қабырға бойынша оң аралықтан сол аралыққа ауысу. 50-60м.жүгіру. Сызықтар арасымен 10см. ара қаш-а тепе-теңдікті сақтап жүру.
Қимылды ойын: «Дәл тигіз»
2. Гимнастикалық қабырға бойынша оң аралықтан сол аралыққа ауысу. Допты қағып алып жүгіру. Затты жанау арқылы орнынан жоғары секіру(биіктігі5-10см)
Қимылды ойын: «Тордан допты өткіз»
3. Гимнастикалық қабырға бойынша оң аралықтан сол аралыққа ауысу. Бір-бірінен қашық қойылған үрленген 5-6доп арқылы кезекпен,
қолдың түрлі қалпымен аттап өту. Тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.
Қимылды ойын: «Туннельден өтеміз»
Спорттық сайыс: «Көңілді мәре»
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
«Көшбасшы»
Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып,, білім деңгейін бекіту. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, балалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын жетілдіру. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Көшбасшылық қабілетін ояту, білімді, дарынды, озық болуға, алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеуді бекіту.
Дидактикалық ойын: «Топ көшбасшысы»
Көркем әдебиет
Тақырыбы:
«Біздің көңіл-күйіміз»
Мақсаты: Көңіл күй туралы түсініктерін бекіту. Өзінің, басқа адамдардың көңіл күйін түсіну қабілеттерін, мәнерлі сөйлеу, ым-ишара арқылы көңіл күйін бере білу дағдыларын дамыту. Ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын тәрбиелеуді жетілдіру.
Дид-қ ойын: «Көңіл күйіңмен бөліс»
Орыс тілі
Орыс тілі мұғалімінің жоспары бойынша
|
Математика негіздері
Тақырыбы:
«Ойнайық та, ойлайық»
(сайыс түрінде)
Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету. Сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін
(таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу.
Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту.
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Табиғат байлықтары»
(білім сайысын өткізу)
Мақсаты: Табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп , меңгерту, танымдық қабілетін
арттыру; есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой –өрісін кеңейту.Табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу; қазақ
халқының табиғатты
қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру, эстетикалық;
сезімдеріне баулу.
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Ғажайып сурет әлемінде» (сайыс өткізу)
Мақсаты: Балаларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты жетілдіру. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Музыка
Музыка жетекшісінің жоспары бойынша
Мүсіндеу
Тақырыбы:«Гүлзарда-ғы гүлдер»
(ұжымдық жұмыс)
Мақсаты: Қоршаған әлемнің әсемдігін эмоционалды қабылдайды. Ұжымдық жұмысқа қатысады, қызығушылық танытады. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, қол қимылдарын дамыту.
Дид-қ ойын: «Аппақ гүлдер, ақ гүлдер»
|
|