Серуен
|
16. 40-
17 .45
|
Құрылымдалған ойын:
«Өз орныңды тап»
Мақсаты:
Баланың шапшаңдығын , байқағыштығын, зейінін дамыту
Көрнекіліктер:
Сандар жиынтығы
|
Құрылымдалған ойыны:
«Керісінше»
Мақсаты:
Балалардың тыңдай алу қабілетін, қимыл қозғалыс әрекетін дамыту
|
Еркін ойыны:
Мақсаты:баланы сергіту, дене мүшелерінің қимыл – қозғалысын дамыту
|
Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойыны:
Мақсаты: Баланың образға ену қабілетін, қимыл іс-әрекетін мимика, жест арқылы жұмыс істеу қабілетін дамытамыз
|
Еркін ойыны:
Мақсаты:
Ойын ережесін түсіндіре отырып, қимыл ептілігін дамыту
|
Балалардың үйге қайтуы
|
17 .45
18. 15
|
Ата-аналармен балабақша күн тәртібі туралы әңгімелесу
|
«Бүгін біз не үйрендік?» ата-аналармен сұхбат жүргізу
|
«Бала қауіпсіздігі басты назарда» ата аналармен кеңестер жүргізу
|
Ата-аналардан сауалнама алу
|
«Менің балабақшам, менің мақтанышым» тақырыбында ата-аналарға көрме ұйымдастыру
|
Түсіндірме:
Мен перспективалық жоспарыма өзгертулер енгіздім. Ондағы мақсатым нормативті құжаттарға сүйене отырып жүйелі жұмыс жасау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасын негізге ала отырып күтілетін нәтижені анықтап алдым. Күтілетін нәтижені бес білім саласы бойынша қарастырдым. Перспективалық жоспарда көрсетілген ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптарын оқу мақсаттарымен толықтырдым. Себебі қолданыста жүрген перспективалық жоспарда нақты мақсат болмады. Балаларды тәрбиелеу мен оқытудың білім беру үдерісінда жүйелілікті тиімді ету үшін, оқу мақсаттарын шамадан тыс күрделендірмей мақсатты қолжетімді және нақты етіп SMART- тап өзгерттім. Бұл өзгерістер циклограммалық жоспарымда балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жоспарды нақты құруға, балалардың зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамуына ықпалын тигізді. Яғни мен жоспарланған кезеңнің соңында қол жеткізілуі тиіс жұмыс нәтижелерін нақты құра алдым деген ойдамын. Сондықтан, менің алдағы уақытта тәжірибемде оқыту мен тәрбиелеудің жоғарғы сапалы деңгейде өтуіне, балаларды жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі балалардың оқып үйренуге бағытталған тақырыптарды бағдарламаның түйінді идеяларын ескере отырып, зерделеуге арналған апталық жоспарымды түздім. Балаларды оқыту және дамыту мақсаттарының өзара байланысын «Менің балабақшам» апталық тақырыптарында ұйымдастырылған оқу қызметі арқылы іске асырдым. Ұйымдастырылған оқу қызметін ықшам сабақ ретінде жоспарлап, үш ойын түрінде қарастырдым. Ойынды баланы дамыту тұрғысынан оқу қажеттіліктеріне сайкес педагогтің жетекшілігімен, құрылымдалған және еркін түрінде алдым. Өйткені осы үш ойын арқылы баланың келешекте оқуында белгілі бір білік дағдылырын дамытуда мүмкіндік туады. Ойын барысында балаларда, спираль қағидаты, 4К моделін креативтілікті, сыни тұрғысынан ойлауды, коммуникативтілікті дамыту және командада жұмы істеу дағдысы қалыптасады. Бақылау нәтижесінде саралаудың қызығушылық мүддесі, диалгоқа түсу, қарқын жылдамдығы көрініс тауып Блум таксаномиясының әртүрлі деңгейлері бойынша ойлауды ынталандыру (есте сақтау, түсіну, қолдану, талдау, бағалау және жасау) ТАН 34-бет арқылы нәтижеге жеттім.
Баланың қабілеті мен дарындылығын тани отырып, тиісті тәрбие мен оқыту тәсілдерін тиімді қолдана отырып жұмыстар жүргіземін.
|
Достарыңызбен бөлісу: |