Мақсаты: : 3 санымен таныстыру.Өзінің дене бөліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білуге үйрету.
Дид-қ ойын: «Көкөністерді сана»
Құрастыру
Тақырыбы: «Жеміс-жидекке арналған себет» (қағаздан құрастыру)
Мақсаты:Дайын қиылған жолақшалардан өру тәсілімен себетті құрастыруға үйрету. Тиянақты, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу. Қағаздың бұрыштары мен жақтарын беттестіру, теңдей етіп бүктеу іскерліктерін дамыту.
Дид-қ ойын: «Дәмін татып,атын ата»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Дәрумендер әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балаларға жемістердің, көкөністердің дәруменге бай екенін, денсаулыққа пайдасын түсіндіру, бау-бақшаға саяхатқа шығып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,
Дид-қ ойын: «Бақта ма, бақшада ма?»
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Дәмді алмалар»
Мақсаты:Дөңгелек пішіндерді түрлі көлемде салуға үйретуді жалғастыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық ойлау, қиялдау қабілеттерін, ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Жапсыру
Тақырыбы: «Жеміс-жидекке арналған себет»
Мақсаты: Қайшына дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру.
Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету. Желімді, сүлгіні қолдануды үйретуді жалғастыру.
Дид-қ ойын: «Ащы, тұщы»
Музыка. Саз жетекшісінің жоспары бойынша.
|