І апта
«Достық-біздің тірегіміз» (Халықтар достығы)
|
Дене шынықтыру
Негізгі қимылдар:
1.Жоғары көтерілген таяқтың астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру. Гимнастикалық қабырға бойынша оң аралықтан сол аралыққа ауысу.
2.Жоғары көтерілген таяқтың астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Заттарды алысқа дәлдеп лақтыру(3,5-6,5м.кем емес). Көлденең және көлбеу орындықта төрттағандап еңбектеу.
3.Жоғары көтерілген таяқтың астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру. Биіктігі 5-10см 2-3 заттың
үстінен кезектесе секіру.
|
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
«Достығымыз жарасқан»
Мақсаты: Жеке тәжірибесінен суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыруды бекіту..
Дид-қ ойын: «Қай ұлттың киімі?»
Көркем әдебиет
Тақырыбы:
«Тату доспыз бәріміз»
Мақсаты: Шығарма мен өлеңді ажырата білуді, көркемшығармада түрлі өмірлік жағдаяттар:мереке, өмірден алынған күлкілі және байсалды үзінділер бейнелеуі мүмкін екендігін түсіне білуін бекіту.
Дид-қ ойын: «Не деу керек?»
|
Математика негіздері
Тақырыбы:
«Бір шаңырақ астында»
Мақсаты: Жиынтық сапасы бойынша әртүрлі заттардан тұратындығы туралы түсініктерін жетілдіру.5-ке дейін тура және кері санауды бекіту.
Дид-қ ойын: «Киімінде қандай пішін бар?»
|