Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан»
Сахналық қойылым
Мақсаты: Сезім ырғағы мен қозғалыс үйлесімін серіктесімен сәйкестендіре отырып сақтауға, сахнаны, алаңды бағдарлай білуге үйрету. Ерсектер мен құрдастарымен өзара әрекет ете алу дағдыларын қалыптастыру.
Орыс тілі. Пән жетекшісінің жоспары бойынша.
|
Математика негіздері
Тақырыбы: «Қазақстанның байлықтары»
Мақсаты: Әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, иіс сезу). Тура және кері бағытта 5 көлемінде санатып жаттықтыру.
Дид-қ ойын: «Бұл қай жерде...?»
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Қазақстандағы жануарлар»
Мақсаты: Үй жануарлары және олардың төлдерін атайды. Сыртқы келбеті, қозғалу және қоректену тәсілдері туралы білімдерін кеңейту.
Дид-қ ойын: «Төлдерін ата»
Құрастыру
Тақырыбы: «Бәйтерек» монументі (қағаздан құрастыру жұптық жұмыс)
Мақсаты: бәйтерек ғимаратын қатты қағаздарды дұрыс қолдана отырып құрастыруды үйрету;туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;қағаз бөлшектерін бір-біріне желімдеу, бұрыштарымен жақтарын бүктеу, беттестіру іскерліктерін дамыту.
Дид-қ ойын: «Айырмашылығын тап»
|
Сурет салу
Тақырыбы: «Байтерек монументі»
Мақсаты: Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, Байтеректің суретін салуға үйрету. Бояу түсін таңдап, сурет салуға қызығушылығын арттыру.
Жапсыру
Тақырыбы: «Байтерек монументі»
Мақсаты: Текшеден дөңгелек пішін қиюға үйрету. Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету.
Дидиактикалық ойын: «Қазақстанның көрікті жерлерін ата »
Музыка. Саз жетекшісінің жоспары бойынша.
|