Петропавл қаласы Боханова Кенжегүл Дакенқызы «Ласточка» балабақшасының II санатты қазақ тілі мұғалімі Ертегілер әлемінде «Дәрігер Айболит Афирикаға келді» Білім беру саласы: Қатынас. Таным. Тіл дамыту



Дата29.01.2018
өлшемі36,58 Kb.
#36139
Петропавл қаласы Боханова Кенжегүл Дакенқызы «Ласточка» балабақшасының II – санатты қазақ тілі мұғалімі Ертегілер әлемінде «Дәрігер Айболит Афирикаға келді» Білім беру саласы: Қатынас.Таным.Тіл дамыту. Оқу іс- әрекеті: Балаларға жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, жануарларды күтуге , денсаулықты сақтауға, ертегі кейіпкеріне лайықты болуға үйрету. Сабақтың мақсаты: Ертегімен таныстырып мазмұнын меңгерту. Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Адамгершілікке, достыққа , табиғатты қорғауға, ертегілер арқылы баланың тілін қазақша сөйлеуге үйрету.Сөздік қорды байытуға дағдыландыру. Көрнекі құралдар: Тау, орман, теңіз, пальма ағашы, орындық,бүркіт,дәрі-дәрмектер жануарлар. Әдіс – тәсілдер: Сұрақ - жауап Сабақ барысы: Амандасу. Өткен сабақты еске түсіру. Жүргізуші. Ерте ,ерте ертеде бір дәрігер Айболит болыпты. Қайырымды дәрігер Айболит тал түбінде емдеп отырған кезде, бір қоян жүгіріп келеді. Қоян: -Сәлеметсіз бе дәрігер Айболит! Дәрігер Айболит: - Сәлем қоян.Қалың қалай? Қоян: Жаман. Өте жаман. Дәрігер Айболит: Не болды саған ? Қоян: Сізге әрең дегенде жеттім.Көмек керек. Сізге Африкадан хат келді.(хатты дәрігер Айболитке тастап, секіріп кете барады) Дәрігер Айболит хатты оқи бастайды. Құрметті дәрігер Айболит Африкада ангина,скарлатина,холерина болып жатыр.Көмек керек. Дәрігер Айболит: Қазір, қазір барамын Көмекке келемін, Африкаға жетейін , Емдеп берейін Лимпопо,лимпопо,лимпопо Жүргізуші: Дәрігер Айболит жолға шығады.Орман кезіп , жаңбырға қалып, қарда тоңып, киттің көмегімен теңізден өтіп , мұхиттарға да жетті. Бүркүттің көмегімен тауды өтіп, Африкаға да жетті. Жүргізуші: «Сәлем саған, Африка!» - деп айтады Айболит. Аңдар: Алақай дәрігер Айболит келді, емдеп береді. Дәрігер Айболит: Сәлеметсіз бе арыстан! Арыстан: Сәлеметсіз бе дәрігер Айболит. Менің тісім ауырады, ішім ауырып тұр. Дәрігер Айболит: Тәттіні көп жеуге болмайды, дәруменді ішу керек. Кәне , ішіңе массаж жасайын. Арыстан: Ішім басылды. Рахмет дәрігер Айболит. Түлкі: Сәлеметсіз бе дәрігер Айболит! Дәрігер Айболит: Сәлем түлкі. Саған не болды? Түлкі: Мынау тауықты ұрлап, құйрығымды ауыртым алдым. Дәрігер Айболит: Ұрлық жасауға болмайды,тауықты иесіне қайтарып бер. Сонда ғана мен сені емдеймін. Түлкі: Жарайды тауықты қайтарып беремін. Дәрігер Айболит: Жарайсың , кел емдейін!Құйрығыңа дәрі жағып байлап берейін .Сау бол түлкі. Дәрігер Айболит: Сәлем қасқыр. Саған не болды? Неге көңілің жоқ ? Қасқыр: Сәлем дәрігер. Мына қойға таласып, бір қасқыр құлағымды тістеп алды. Дәрігер Айболит: Момын қойға қиянат жаса ма. Жүргізіші: Дәрігер Айболит қасқырдың құлағын бинтпен орап , құлағына наушник кигізіп жібереді.Қасқыр қуана кете барады. Аю: Сәлеметсіз бе дәрігер айболит! Дәрігер Айболит: Сәлем , сәлем аю. Сенің қай жеріңауырып тұр? Аю: Қалым жаман, мені ара қатты шағып алды. Дәрігер Айболит: Кәне, көрейін. Емдеп жазып жіберейін. Аю: Рахмет. Сау бол дәрігер Айболит ! Он күн бойы Айболит, Ем жасады , ұйықтамай. Бәрінен де сұрайды: «Ал, батырым, қал қалай ?» Лимпопо, лимпопо Жазылып кетті аңдар да, Бұған бәрі таң қалған Лимпопо , лимпопо Жүргізуші: Қоян, арыстан , түлкі , қасқыр, аю ортаға шығады, дәрігер Айболитке алғысын білдіреді. «Слава, слава Айболиту, слава добрым доктором» Балалар осымен ертегі сабағымыз аяқталды, сабаққа қатысқандарыңа көптен көп рахмет. Сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет