Pgp криптографиялық ЖҮйесі



Pdf көрінісі
Дата20.03.2020
өлшемі273,93 Kb.
#60447
Байланысты:
Сабенова А. PGP криптографиялык


PGP КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 

 

Сабенова А., «Информатика», 1 курс студенті.  

Ғылыми жетекші: оқытушы Мухамбетова Г.Г. 

 

PGP  (Pretty  Good  Privacy)  -  шифрлеу  және  хабарламаның  цифрлық  қолтаңбасы  мен 



файлдарды  және  басқада  ақпараттарды,  компьютерлік  бағдарлама  және  функциялық  кітапхана 

арқылы электрондық түрде көрсетілуі. Криптография ақпаратты оқу тек оның кілтін білген кезде 

ғана  мүмкін  болатындай  етіп  түрлендіреді.  Криптография  ақпаратты  түрлендірудің 

математикалық әдістерін іздеумен және зерттеумен, яғни, жасырын деректерді шифрлаумен және 

кері  шифрлаумен  айналысады.  Осы  шифрлауға  PGP  бағдарламасын  жатқызуға  болады.  PGP 

бағдарламасы  бұл  толық  конфедициалды  тәртіппен,  қолданушыларға  электрондық  түрде 

мәліметтермен  алмасуға  болатын,  жоғары  дәрежедегі  сенімділіктің  криптографиялық 

бағдарламасы. 

Бұл  бағдарламаның  басты  артықшылығы:  қолданушыларға  шифрланған  хабарламаларын 

жіберу  үшін,  бір-біріне  құпия  кілтті  беріп  отырудың  керегі  жоқ,  өйткені  бұл  бағдарлама  жаңа 

жұмыс принципіне негізделіп құралған, яғни ашық криптография немесе ашық кілттермен алмаса 

отырып,  қолданушылар  еркін  түрде  өздерінің  ашық  кілттерін  Ғаламтор  арқылы,  бөгде  бір 

адамның ақпаратты оқып қоюынан қорғай отырып, жібере алады. 

PGP-дің  хабарламаны  шифрлағаны  соншалық,  тіпті  хабарламаны  алушыдан  басқа  оны 

ешкім  кері  шифрлап  оқи  алмайды.  Ғаламтордың  пайдаланушыларына  қандай  да  бір  ақпаратты 

жіберген кезде, көбінесе осы бағдарламаны қолдануға ұсынылып отыр. 

Алайда  қолданылған  алгоритмдердің  ешбіреуіде  де  нақты  беріктілігі  жоқ  болып  шығады. 

Бірақ! 2009 жылы 1024 биттік көлемнен бастап, RSA шифрлау жүйесі негізінде жасалған сенімді 

болып саналады. 

PGP қалай жұмыс істейді? 

 Қолданушы  PGP    бағдарламасымен  хабарламасын    шифрлаған  кезде,  онда  бағдарлама  ең 

алдымен  мәтінді  сығады,  бұл  яғни    хабарлама  шифрлануының  сенімділігі  артып  және  модем 

арқылы хабарламаны жіберген кезде уақытты қысқартуға көмегі болады.   

Деректердің  барлығы  шифрланып  болған  соң,  қабылдаушыға  шифрланған  мәтінмен  бірге, 

қабылдаушының  көпшілік кілті арқылы шифрланған сессиялық кілтте бірге жіберіледі 

PGP-де  өзара  бір-бірімен  байланысқан  екі  кілт  қолданылады:  ашық  және  жабық.  Жабық 

кілтке  рұқсат  тек  сіз  ғана  ие  бола  аласыз,  ал  өзіңіздің  ашық  кілтіңізді  сіз  өзара  тілшілеріңіз  

арасында таратасыз. 

PGP-ді  қолданушы  екі  кілт  жұбын  құрады:  ашық  және  жабық  кілт.  Кілттерді  түрлендірген 

кезде,  олардың  иесі  қойылады  (аты  және  электорондық  поштасының  мекен-жайы),  кілттің  түрі, 

кілттің ұзындығы және оның әрекетінің  мерзімі.  

 

1991  жылы  Филипп  Циммерман  PGP-дің 



бірінші  версиясын  жасады.  Бірінші  версия 

өзіне,  яғни,  Циммерманның  өзімен  жасалған, 

BassOmatic 

симметриялық 

шифрлау 

алгоритмін  қосқан.  Циммерманның  бұл 

бағдарламаны  жасау  себебі,  ядролық  энергия 

қозғалысына  қатысқан  және  де  қорғалған 

түрінде  BBS-ті  қолдану  үшін  және  деректер 

мен хабарламаларды сақтау үшін PGP-ді жасап 

шығарған. 

PGP-дің 


төл 

версиясында, 

кілттерді 

шифрлау 


үшін, 

біржақты 

функцияның 

негізінде, RSA алгоритмі пайдаланылған. PGP-

дің  2-ші  версиясында  IDEA  алгоритмі 

пайдаланылса,  ал  келесі  версияларында 

шифрлаудың 

қосымша 


алгоритмдері 

енгізілген. 



PGP  кілтттің  үш  үлгісін  қолдайды:  RSA  v4,  RSA  legacy(v3)  және  Diffie  -  Hellman/DSS 

(GnuPG  терминологиясында  Elgamal).  Кілттердің  өзі  тұрақты  дискідегі  кілттік  контейнерде 

сақталады. Кілттік контейнерді қорғауға құпия сөйлем қолданылады. 

PGP бағдарламасымен жұмыстану 

Айталық,  сіз  PGP  6.x.x  версиясын  өзіңізге  көшіріп,  орнатып  және  русификация  жасап 

алдыңыз делік. Енді сізге екі жұп кілтіңізге генерация жасау керек болады. Ол үшін, бағдарламаны 

орнатып,  кайта  жүктегеннен  кейін,  сізге  PGPTray  мәзірінен  PGPkeys-ті  қосуыңыз  керек  немесе 

Пуск мәзірінен. 

 

 



Бұдан  әрі  сізде  терезе  пайда  болады, 

шамалап  айтқанда  тіркестіруші.  Яғни  бұл 

сіздердің кілтіңіздің тіркестірушісі. Ол жерде 

сіздің 


барлық 

кілттеріңіз 

бен 

сіздің 


тілшілеріңіздің  кілттері  сақталып  тұрады. 

Ақырында,  сіздің  экраныңызда  мынадай 

төмендегідей терезе пайда болуы керек. 

 

 



 

Ақырында, сіздің экраныңызда мынадай терезе пайда болуы керек. Осы терезедегі аумақтың 

өзі,  тіркестіруші  деп  аталады.  Енді  көпшілік  қолданатын  мысалмен  осы  тіркестірушіні  жүргізіп 

көріңіз.  Бұл  терезедегі  адам  басымен  белгіленген  кілттің  белгішесі,  жұп  кілттер,  яғни  қоғамдық 

және жеке кілттер деп аталады. 

Енді кілттерді құру жұмысы басталады. Ол үшін сіз Ключи > Новый ключ пунктерін таңдап, 

генерация  мастерінің  кеңестерімен  бағыттала  беруіңіз  керек.  Сол  кезде,  бұл  әрекет  нәтижесінде, 

бірнеше  минуттан  кейін  сіз  өзіңіздің  тұпнұсқалық  жеке  кілтіңізді  аласыз.  Қорытынды:  сіз  жұп 

кілттер құрдыңыз. Енді сіз құжаттар мен файлдарды шифрлап, қол қоя аласыз.  

Енді  кез  келген  мәтіндік  редакторды  ашыңызда,  ішінен  қандай  да  бір  ерікті  таңдаңыз. 

Мысалға, суретте PGP русификациясын орнату жөніндегі нұсқаулық алынған. 

 


 

 

Барлық  мәтінді  толықтай  белгілеп,  PGPTray  бағдарламасына  сүйенеміз.  Оның  ішінде 



Алмасу  буфері  бар,  ол  жерде  ішкі  мәзір  орналасқан,  міне  сол  жерден  Зашифровать  бөлімшесін 

таңдаңыз. Сол кезде сізде төмендегідей терезе пайда болуы тиіс: 

 

 

 



Сіздің  алмасу  буферіңізде  орналасқан  қандай  да  бір  құжатыңызды  шифрлау  үшін,  кілт 

таңдаңызда,  ОК  батырмасын  басыңыз.  Бұл  жағдайдан  кейін,  алмасу  буферінен  өзіңіздің 

құжатыңызға шифрланған мәтінді қоюыңыз керек: 

 


 

 

Міне, енді ең бірінші құжат шифрланып шығарылды. 



Құжаттарыңызды  шифрлап,  кері  шифрлау  жүргізілгеннен  кейін,  оны  таратудың  әдістерін 

білуіңіз керек. Оның 3 әдісі бар: 

 

қоғамдық кілттедің сервері арқылы



 

қолға жеке беру

 

e-mail арқылы. 



PGP бағдарламасындағы серверге кілт жіберу үшін, өзінде кірістірілген сервис болады. Бұл 

санаулы ғана уақытты алады. Және одан да басқа PGP бағдарламасында, барлық кілттерді әр түрлі 

баптаулардан  іздейтін  бөлімше  кірістірілген.  Яғни,  сіздің  тілшіңізге  сіздің  кілттіңізді  алу  үшін, 

сізге жолығудың керегі жоқ. Кез келген уақытта кілтті серверден ала алады.  

 

 

 



Кілтті жіберетін нұсқалардың сәйкестігінше жақсы келетіні: e - mail арқылы. Ол үшін сіз 

кілтті толықтай белгілеп шығасыз да, яғни өз тілшіңізге жіберетін қоғамдық бөлігін. Кейін кілтті 

көшіріп  аласыз  да,  Плавающее  меню  немесе  Правка  мәзірі  арқылы,  сосын  оны  құжатқа  әкеліп 

қоясыз.  Сол  кезде  сізде  келесідей  мәтіндік  блок  пайда  болады.  Сіздің  тілшіңіз  бұл  блокты 

қабылдап алғаннан кейін, бұл мәтіндік блокты толықтай, басынан аяғына дейін белгілейді де, одан 

кейін белгіленген аймақты өзінің тіркестірушісіне қойып қояды. 

 


 

 

Поштамен  құжаттарды  шифрлаудан  басқа,  PGP  өзінің  құрамында  адамның  өмірін 



ақпараттық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  барысында  жеңілдететін  бірнеше  аспап  қатарларын 

игерген. Бұл аталған аспаптардың барлығы PGPtools қосымшасында орналасқан. Төмендегі сурет, 

қосымшаның панельі. 

 

 



Бірінші  түйме  -  PGPkeys  шақыруы,  екіншісі  –  құжатты  шифрлау,  үшіншісі  –  құжатқа  қол 

қою,  төртіншісі  –  құжатқа  қол  қою  және  шифрлау,  бесіншісі  –  кері  шифрлау  және  қолтаңбаны 

тексеру, алтыншысы – құжатты кетіру, жетіншісі – дискті толықтай кетіру. 

Хабарламаны  кері  шифрлау.  Қабылданған  шифрланған  хабарламаны  ашамыз  және 

Outlook  Express  панелі  арқылы  немесе  PGP  мәзіріндегі  decrypt  message  командасын  таңдаңыз. 

Бірнеше секундтан кейінхабарлама шифрланады да терезеде пайда болады. PGP бағдарламасымен 

жұмыстанып жатқан  кезде, келесідей ақаулар  пайда  болады:  шығыс  хабарламаларын  тілшіңіздің 

ашық кілтімен шифрлап жатқан кезде, жіберуші оны қайтадан ашып оқи алмайды, себебі, шығыс 

хабарламасы  жіберушінің  жабық  кілтінің  және  тілшісінің  ашық  кілтінің  көмегімен 

шифрланғандықтан,  яғни  тек  кана  қабылдаушы  ғана  мұндай  хабарламаны  ашып  оқи  алады. 

Нәтижесінде, жіберуші өзінің жазған, бұрын жіберілген  хабарламасын ашып оқи алмайды деген 

сөз. 

Шифрланған  хабарламаны  жіберу.  Сіздің  адамыңыздың  ашық  кілті  сіздің 

компьютеріңізге орнатылып болған соң, хабарламаны қабылдаушыға келесі нұсқаулық бойынша 

жіберуге болады. Хабарламаны Outlook Express пошталық бағдарламасында құрамыз. 

Хабарлама жіберуге әзір тұрған кездеOutlook Express панелінің оң жағындағы сары конверт 

және  кілттің  суреті  бар  үшінші  белгісін  шертеміз.  Сол  кезде  бірден  PGP  1  бағдарламасының 

Recipient selection деп аталатын терезесі пайда болады. Сол терезенің нұсқаулығы бойынша жүре 

берсеңіз, хабарламаңызды тілшіңізге жібере аласыз. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1. 

Москва. периодтық баспа оқу залы Газета “Информатика” 

2. 

  www.informika.ru- информациялық сайт  

3. 

www.referat.ru,  www.kazref_narod.ru –рефераттар жинағы 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет