Зертханалық жұмыс №2 Тақырыбы: Жадылық құрылғылар Жұмыс мақсаты:
ROM жадыларының құрылым принциптерін игеру;
PROM жадыларын бағдарлау тәртібін игеру;
жады жүйелерінің негіздік құрылымдарымен танысу және олардың құрылу принциптерін игеру.
2.1 Жұмыс орнының құрал-жабдықтары и файлы: компьютер, Electronics Workbench Professional бағдарламасы;
ROM(M) 16x7.ewb файлы;
RAM 2D_8x4.ewb файлы;
RAM_3D_16x4.ewb файлы;
RAM 2DM_32x4.ewb файлы.
2.2 Қажетті мәліметтер мен әдістемелік ұсынылымдар Зертханалық жұмыстың бірінші тапсырмасы, оналтылық символдардың 7-сегментті индикаторда көрсетілуіне пайдаланылатын, өзгермейтін информация сақталған, тұрақты жадылық құрылғының (ТЖҚ) құрылымын және оның жұмыс принциптерін игеруге арналған
1 сурет(Микросұлбаны бағдарлау)
Микросұлбаны бағдарлау келесі тәртіппен жүргізіледі:
іске қосу (Activate simulation) түймесін басу арқылы схеманы жандандыр;
W (Write/Read) түймесімен құрылғыны бағдарлау режиміне ауыстыр (сәйкесті жарықдиоды жанады);
жады матрицасы жолының адресін қой;
таңдалған жолға орналастырылатын символдың сегменттеріне сәйкесті түймелерді басу арқылы қажетті бағдарлау информациясын дайында;
P (programming) түймесін тез басу арқылы таңдалған жолдың бағдарлануын (информация тігілуін) қамтамасыз ет.
сегмент түймелерін бастапқы қалыпты жағдайына қайтар;
клавишей W (Write/Read) түймесімен құрылғыны оқу режиміне ауыстырып, жады матрицасының жолдарында тігілген информацияны тексер.
Зертханалық жұмыстың келесі тапсырмалары жады жүйелерінің әртүрлі құрылымдарымен (2D, 3D, 2DM) және олардың жұмыс принциптерімен танысуға арналған.
2D құрылымды жады жүйесін зерттеуге арналған сұлба сәйкесті қосалқы сұлбалармен безендірілген келесі блоктардан тұрады:
санауыш негізіндегі үшразрядты адрес қалыптастырғышы (add3);
санауыш негізіндегі төртразрядты дерек көзі (data);
құрамына сегізшығысты дешифратор (dc8) және регистрлер негізіндегі 8 ұяшықтан (rg4) тұратын жады ұяшықтарының матрицасы (8x4) кіретін жады жүйесі RAM_8x4. Жады матрицасының әрбір ұяшығында орналастырылған индикатор тәжірибе кезінде жады ұяшықтарының таңдалымын бақылауға мүмкіндік береді.