Атрибутивтік деректер (мәліметтер)
Атрибутивтік деректер кеңістіктік объектілердің сапалық және сандық қасиеттерін сипаттайды. Мұндай мәліметтердің мысалдары: географиялық атаулар, өсімдіктердің түрлік құрамдары, топырақтың сипаттамалары және т.с.с.
Геопортал
Геопортал – интернет арқылы географиялық ақпаратты ( геокеңістіктік ақпарат) және оған қатысты географиялық қызметтерді (дисплей, өңдеу, талдау және т.б.) іздеу және оларға қол жеткізу үшін пайдаланылатын веб -портал түрі.
Геопорталдар географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) тиімді пайдалану үшін өте маңызды және кеңістіктік деректер инфрақұрылымының (SDI) негізгі элементі болып табылады.
Аумақтық қамту бойынша геопорталдар жаһандық (GoogleEarth), мемлекеттік (федералды), аймақтық және муниципалды болып бөлінеді.
Ортофотоплан
Ортофотоплан - бұл аэрофототүсірілім немесе ғарыштық түсірілім арқылы алынған дәл геодезиялық негіздегі жердің фотографиялық жоспары.
Қалаға немесе ауылға арналған Ортофотоплан жер бетін цифрлық түрде барынша сенімді түрде жаңғыртуға және алынған карталар мен жоспарларды одан әрі әртүрлі мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді.
Дешифрлеу
Дешифрлеу-бұл жер бедерінің объектілері туралы олардың фотографиялық бейнесі бойынша ақпарат алу процесі.
Аэроғарыштық суреттерді дешифрлеу процесінде мамандар оларды қызықтыратын объектілерді олардың айрықша дешифрлеу белгілерін біле отырып таниды.
Геобайлау (привязка снимков)
Геобайлау -суретте көрсетілген аумақтың кеңістіктік (географиялық) орнын анықтаудан тұрады, яғ,и координаталарын
Дешифрлеу дегеніміз не?
Суреттерді дещифрлеу- тура және жанама жасарынды дешифрлеу белгілері бойынша қосымша картографиялық мағынасы бар материалдарды қолданып орындалады. Жергілікті жер объекттерінің нақты белгілері ол объекттің натурадағы белгілері: формасы, размері,түсі (шағылысатын немесе сәулеленетін қабілет немесе жарық коэффиценті), объекттің текстурасы, мен структурасы, көлеңке. Жанама белгілері – қатынастық орналасу, өз ара байланыс, объекттер іздері. Тура дешифрлеу белгілері. Тура дешифрлеу белгілері деген- объектінің қасиеттері айқын таралатын және суретте орындаушымен қабылданатын белгілер Оларға: форма, размер, тон немесе түс, структура (суреті), текстура мен объекттің бейнелеу көлеңкелері (формасы және шамасы) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |