Сабақ
|
Өткізу уақыты
|
Сабақ
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты
1 ( дәріс)
|
50 мин.
|
ОқСӨЖ , СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты
2 (тәжірибелік сабақ)
|
50 мин.
|
ОқСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Семинарлар
|
ОқСӨЖ
|
СӨЖ
|
Кеңес
|
Емтихан
|
Барлығы
|
3
|
5
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
1
|
2
|
93
|
Курс сипаттамасы: Қоғамның әлеуметтік-экономикалық саласындағы қайта құрулар қоғамдағы әлеуметтік инстиуттардың түбірлі өзгеруіне алып келуде. Қоғамдағы әлеуметтік қақтығыстардың пайда болуы мен олардың қазіргі әлеуметтік процестерге әсер етуін ЖОО-ның студенттеріне өз уақытында түсіндіру қажеттілік болып табылады. Білімнің көп сатылы түріне көшу бакалаврлар білуге тиісті жаңа оқу курстарын мемлекеттік білім беру стандартына енгізуді негіздеді. Бұл жерде әлеуметтік қақтығыстардың пайда болуы мен жүру барыстарын, алдын алу шараларын ашып көрсететін «Қақтығыс әлеуметтануы» курсын ерекше орынға ие болып отырғаны белгілі жәйт.
Курс мақсаты: «Қақтығыс әлеуметтануы» пәнін оқытудың мақсаты бакалаврлерге даму деңгейлері әртүрлі елдердегі, қоғамдағы әлеуметтік қақтығыстардың пайда болуын зерттеудегі негізгі теориялық бағыттары және қолданылатын әлеуметтанулық әдістер бойынша жан-жақты білім беру болып табылады.
Сондықтан типтік бағдарлама авторларының алдында қоғамдағы орын алатын әлеуметтік қақтығыстар және соған қатысты мәселелерді зерттейтін осы оқу пәнінің міндеттерін жан-жақты ашып көрсету міндеті тұр. «Қақтығыс әлеуметтануы» пәні қоғамның дамуындағы кедергілер мен серпінділік болып табылатын әлеуметтік қақтығыстар туралы білімді бакалаврлердің жүйелі түрде меңгеруіне бағытталған.
Курс міндеті:
бакалаврлерге «әлеуметтік қақтығыс» түсінігінің анықтамасын беру;
бакалаврлерге қоғамдағы әлеуметтік қақтығыстарды талдау методологиясын таныту;
қалыптасу кезеңдерін қарастыру;
курстың өзекті тақырыптары туралы түсінік беру;
әлеуметтік қақтығыстарды болдырмау мәселелерін талқылау;
бакалаврлерді әлеуметтік қақтығыстарды әлеуметтанулық талдаумен таныстыру.
бакалаврлерге әлеуметтік қақтығыстарды бақылау әдістерін меңгеруге көмектесу.
бакалаврлерге әлеуметтік қақтығыстарды реттеудің әлеуметтік мәселелерін зерттеу туралы терең білім беру және олардың өмірдің жаңа талаптарына бейімделуін түсіну деңгейін көтеру.
бакалаврлерге әлеуметтік қақтығыстарды талдаудың қолданбалы әлеуметтанулық әдістерін меңгеруіне көмектесу.
әлеуметтік нақтылықтың қарастырылған саласы бойынша бакалаврлердің өзіндік жұмысының мүмкіндіктерін ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |