Пифагор теоремасы


Есеп. «Пифагор шалбары» туралы есеп



бет3/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,6 Mb.
#27022
түріСабақ
1   2   3

Есеп. «Пифагор шалбары» туралы есеп.Пифагордың «Жүз өгіз» есебін әзілкеш математик мынадай қалжың өлең түрінде баяндаған екен.

Пифагордың шалбары,

Шалбардың тек долбары.

Тік бұрышты үшкілі,

Үш қабырға үш түрлі.

Екі шаршы қос балақ,



Белдігі анау төрт құрақ.

Балақтарын қосып бақ,

Белдігін біл өлшеп нақ.

Салыстырсаң екеуін,

Теңеседі шақпа шақ.


Пифагордың дәлелдеуі: с222 теңдіктің ақиқат екендігі айқын көрініп тұр. Нұсқама. Алдымен сол жақтағы пішіндемені сал.

Содан соң қайшымен I, II, III, IV тік бұрышты үшбұрышты үшбұрыштарды қиып алып, солардан оң жақтағы шаршы пішіндемені құрастыр.

Сонда с2 шаршы кеп шығады.



Ғылым тарихшылары осы дәлелдеу әдісін алғаш рет Пифагордың өзі қолданған деп шамалайды. Сондықтан бұл амалды Пифагордың

«Қайшымен қайта пішу әдісі» деп атайды.

Мұғалім: Бәрекелді, енді осы теоремаға кері теореманы практикалық жолмен дәлелденімізді еске түсірейік. Сонымен, үшбұрыштың бір қабырғасының квадраты қалған екі қабырғасының квадраттарының қосындысына тең болса, онда үшбұрыш тікбұрышты болады.
Слайд-7. (Арнайы тікбұрышты үшбұрыштар арқылы қорытынды шығарады.)

VI. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау:
а) Тәжірибелік, фронталды сұрақтар;
1. Ұзындықтары 5, 4, 3-ке тең кесінділер тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары болады деп есептеуге бола ма?
Шешуін, тәжірибе арқылы дәлелдеу
(12 жерінен түйінделіп тұйықталған жіпті пайдаланып, есептеуге болатындығын көрсетеді)
2. Қабырғаларының ұзындықтары 5, 6, 7 болатын үшбұрыш тікбұрышты ма?
(Сызғыштардың шкалаларын пайдаланып мүмкін емес екендігін үш-үштен оқушылар бірігіп көздерін жеткізеді, ұзындықтарына сәйкес магнитті кесінділердің көмегімен тақтадан да біреуі көрсетеді.) (жасырын сөздердің беттеріндегі ұяшықтардың перделері алынып тексеріледі.)
б) Тест тапсырмасы (жеке жұмыс, жұптық жұмыс).
Компьютерде екі нұсқалық есептер орындап, нәтижесін өздері экраннан көре отырып, бірінің жұмысын бірі тексереді, бағалайды.
в) Жазбаша (жеке, оқулықпен жұмыс)

VII. Оқушылардың білімін бағалау:
а) сұрақтар қою
б) ауызша есептер беру
в) бірін-біріне сұрақтар қойғызу

VIII. Үйге тапсырма: №142 2), №144
а) түсіндіру; б) бағыт-бағдар беру

ШҚО, Абай ауданы, Арқат ауылы
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет