Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет121/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Түркі халықтарының бірін алып Наурыз мейрамын тойлау ерекшеліктерін 
қазақ халқымен салыстырыңдар.
29-БӨЛІМ
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҚТАР МЕН 
СТИПЕНДИЯЛАР
Ой бөлісейік
1. Адамға мемлекет тарапынан сыйлық не үшін беріледі? Төмендегі тірек сөз-
дерді пайдалана отырып жауап беріп көріңіз.
ғылым саласы, сіңірген еңбек, ерлік, 
қоғам қайраткері, марапат, сыйлық иегері, өнертабыс
2. Қандай мемлекеттік және халықаралық сыйлықтарды білесіз?
3. Стипендия дегеніміз не? Оның сыйлықтан не айырмашылығы бар? Мысал-
мен ойыңызды дәлелдеңіз.
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Нобель сыйлығы туралы не білеміз?
Нобель сыйлығы 
(швед тілінде Nobelpriset, ағылшын тілінде Nobel Prize)
– жыл 
сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар, мәдениет пен қоғамның 
дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың 
іншіндегі ең танымалдыларының бірі.
Нобель сыйлығы – әлемдегі ең беделді сыйлық. Оның лауреаттары қатарында 
рентген сәулеленуін, пенициллинді ойлап тапқан атақты ғалымдар бар. Нобель сый-
лығымен Нельсон Мандела, Барак Обама секілді танымал қайраткерлер марапат-
талған. Нобель сыйлығының иегерлері арасында 
Берта Зуттнер, Сельма Лагерлёф, 
Грация Деледда, Сигрид Унсет, Джейн Аддамс, Мария Кюри, Тереза шешей, Аун Сан Су 
Чжи, Ширин Эбади, Элизабет Элен Блэкберн
сияқты әйел азаматшалар да бар.
Жыл сайын қазан айының басында бүкіл әлем назары Швеция мен Норвегия елі-
не ауады. Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері әр жыл сайын физика, химия, медици-
на, әдебиет және бейбітшілік салалары бойынша елеулі жетістікке жеткен ғалымдар 
мен ұйымдарға беріледі. Осы салтанатты марапаттау күнінде Швеция королі лау-
реаттарға Нобель медалін, диплом және ақшалай сыйлық тапсырады.
Нобель сыйлығы швед өнертапқышы эәне өнеркәсіп иесі Альфред Нобельдің 
(1833-1896) өсиеті бойынша құрылған. 1895 жылы жазылған өсиетте Нобель өзінің 
қаржы жағдайын сенімді бағалы қағаз күйінде ұстауды бұйырған.
Өсиетке сәйкес, марапат беруге швеция мен Норвегия еліндегі төрт ұйым жауап-
ты болуы қажет. Олар – швед ғылым академиясы, Стокгольмдегі Каролин институ-
ты, Стокгольм академиясы, сондай-ақ бес мүшеден тұратын Норвегия парламенті 
сайлаған комитет.
1901 жылы алғаш рет Нобель сыйлығы берілгеннен бастап, 2011 жылға дейін Но-
бель сыйлығы лауреаттары атанған адамдар мен ұйымдар саны 853-ке жетті. Олар-
дың 23-і ұйым болып есептеледі. Лауреат атанған адамдардың кейбірі мұндай екі рет 
лайық болған.
Физика саласында тұңғыш лауреат атанған адам – сәулелендіруді ойлап тапқан 


140
141
Вильгельм Конрад Рентген
болды. Рентген сәулеленуі қазіргі күнге дейін бүкіл әлем-
де медицина саласында қолданылып келеді. Вильгельм Конрад Рентгеннен басқа 
физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері арасында 
Гендрик антон 
Лоренц, Бор Нильс, Альберт Эйнштейн
де бар.
(Қазақ тілі: негізгі стандарттан жоғары деңгей)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет