1. Төмендегі сұрақтаға жауап беріңіз. 1) Нобель сыйлығы не үшін беріледі?
2) Нобель сыйлығын иеленген әйел азаматшаларынан кімдерді білесіз?
3) Нобель сыйлығы кімнің өсиеті бойынша құрылған?
4) Марапат беруге қандай ұйымдар жауапты?
5) Нобель сыйлығы алғаш ре қай жылы берілді?
2. Мәтінде физика саласы бо- йынша Нобель сыйлығын иелен- ген адамдар берілген. Енді өзге салалар бойынша Нобель сый- лығын иеленген тұлғалар туралы көрсетілім әзірлеңіз. ТЫҢДАЛЫМ Мәтінді мұқият тыңдаңыздар. «Оскар» сыйлығы - киноөндірістегі ең беделді сыйлық Әлемдегі беделді сыйлықтардың тарихына үңілуді жалғастырамыз. Нобель сый-
лығы сан саладан жүйрік шыққан тұлғаларға берілсе, кино саласында өзіндік із қал-
дырған туындылар мен актерлерге «Оскар» сыйлығы берілетінінен бәріміз хабардар
шығармыз. Киноматография өнері мен ғылымының академиясы жыл сайын Лос-Ан-
джелесте кино саласының үздіктеріне арнап «Оскар» сыйлығын табыс етеді. Оскар
сыйлығын тапсыру рәсімі ондаған елдерде тікелей эфирде көрсетіледі.
Б.Майердің идеясымен құрылған кинокомпанияның 230 мүшесі 1929 жылы сый-
лық беру идеясын бір ауыздан мақұлдап, ең үздік киноларды марапаттауға кірісті.
1933 жылы Уолт Дисней бұл марапатты «Оскар» деп атады. Ең алғашқы 1929 жылдың
16 мамырында өткен марапаттау рәсімінде мына фильмдер мен актерлерге «Оскар»
табысталды: Джанет Гейнор «Шығыс» (Sunrise) пен «Жетінші аспан» (Seventh Heaven)
фильмдеріндегі жұмыстары үшін, 1927 ж., және «Көше періштесі» (Street Angel)
үшін, 1928 ж; Эмиль Дженнингс «Соңғы бұйрық» (The Last Command) пен «Әр тәннің
бағыты» (The Way of All Flesh) фильмдері үшін. Уорнерлердің «Джаз әншісі» фильмі
«киноөндіріске төңкеріс әкелген жаңашыл, үздік дыбысты картина» ретінде таныл-
ды. Дегенмен, академия дыбыссыз фильмдермен бәйгеге түсуі әділетсіз болар деп
фильмді конкурсқа қатыстырмады. Осы жылдан бастап, атағы әлемді кезіп, көптің
көңілінен орын алған кинолар мен киноны жасаушылар жыл сайын кино саласын-
дағы ең үздік сыйлықты алу үшін АҚШ-қа ағылады. 2007 жылғы мәлімет бойынша,
Америка Киноакадемиясы дауыс беруге құқылы 15 гильдияға бөлінген 5829 адам-
нан тұрады. Актерлік гильдиясы 1311 адамнан құралып, жалпы дауыс берушілердің
22 пайызын құрайды. Әр гильдия өз категориясы бойынша дауыс береді. Мысалы,
актерлар үздік актерлар мен актрисаларды таңдайды т.б. 75 жыл бойы салтанатты
марапаттау рәсімі сәуірдің басында өткізіліп келді. 2004 жылдан бастап, Чикагода
жасалатын 4 килограмдық «Оскар» мүсіні кино үздіктеріне ақпанның аяғы мен на-
урыздың басында табыс етіледі. Биылғы марапаттау ақпанның 26-сынан 27-сіне қа-
раған түні өтті. Салтанатты кештегі ең сәнді көйлек иелерін де талқыға салған едік.
Қазақстанда осы бірбеделдісыйлықтыалған актер не фильм жоқ. Қазақстандық ки-
ноөндірісте тұңғыш болып «Оскарды» кім иеленер екен?
( https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/kino/2910/
)