Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж


Microsoft-тің негізін қалаушы Билл Гейтс



Pdf көрінісі
бет125/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Microsoft-тің негізін қалаушы Билл Гейтс
Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс — Forbes 
нұсқасы бойынша планетаның ең бай адамы және әлемдегі ең жомарт 
кәсіпкері. Оның байлығы 77 млрд доллар деп бағаланады. Билл мен 
оның жұбайы Мелинда Гейтстің қоры денсаулық сақтау ұйымдарына 
қолдау білдіріп, кедей елдердегі туберкулез, безгек және СПИД-пен кү-
ресу үшін вакцина құрастыруға қыруар қаржы салады.
Сондай-ақ Билл Гейтс «Сый тарту антының» негізгі идеологтарының 
бірі. «Сый тарту анты» — әлемдегі барлық кәсіпкерлердің ресми емес ұйымы, олар-
дың барлығы дәулетінің жартысын қайырымдылық мақсатына беруге міндеттелген.
Tesla және SpaceX-тің басшысы Илон Маск
Илон Маск өз қаржысы жасанды интеллект құрастырумен 
айналысатын ғалымдарға береді. 14 млрд долларымен Forbes 
рейтингінде 68-орынды иеленетін кәсіпкер 2015 жылы жасан-
ды интеллект қауіпсіздігін зерттеу жұмысына 10 млн доллар ин-
вестиция салды. Масктың ойынша, мұндай интеллектті дүние-
ге әкелу адамзат үшін өте қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан ол 
қаржысын жасанды интеллекттен туындайтын қауіптерді зерт-
тейтін ұйымға беруді шешкен.
Alibaba негізін қалаушы Джек Ма
Alibaba компаниясының негізін қалаушы және 
директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма 2015 
жылы Қытайдың ең жомарт меценаты деп таныл-
ды. Сол жылы ол 23 млрд доллар байлығының 2,3 
млрд долларын қайырымдылыққа жұмсаған. 2014 
жылдан бері Ма Қытайдың экологиялық пробле-
маларын шешумен айналысатын қайырымдылық 
қорын басқарады, басқа кәсіпкерлерді қайы-
рымдылық жасауға оқытады. Сондай-ақ денсау-
лық сақтау және білім беру саласына да қолдау 
көрсетеді.
Google-дің негізін қалаушы Сергей Брин 
және бұрынғы жұбайы Энн Войжицки
Технологиялық кәсіпкер Сергей Брин бас-
қаратын Google компаниясы әлемдегі ең ірі 
қайырымдылық жобаларына көмектесетін 
ұйымның бірі. 2033 жылға дейін корпорация 
қайырымдылық шараларына 20 млрд доллар 
жұмсамақ және олардың барлығын компания 
өзі тікелей жүзеге асырады. Қазір Google Үндіс-
танда тегін Wi-Fi желілерін құрумен айналы-
сып жатыр.
Ал өзінің бұрынғы жұбайы Энн Войжицки-
мен бірге Brin Wojcicki Foundation атты қайырымдылық қорын құрып, денсаулық 
сақтау және басқа да әлеуметтік жобаларды дамытуға қаржы жұмсайды. Айыры-
лысқаннан кейін де бұрынғы ерлі-зайыптылар қор қаржысын жұмсау туралы бірге 
шешім қабылдап, бірге жұмыс істеуді жалғастыра берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет