Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет134/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Төлеу сөз
 
Біреудің сөзінің автор тарапынан 
өзгеріске ұшырап берілу түрін төлеу сөз 
дейміз.
Осы кезде үйден Салиқа шығып,
 
қонақтарға ас піскендігін айтты 
(Мұқанов).
Бөгде сөз
1. Мына суреттен нені көріп тұрсыз? Суретке ат қойыңыз. Бөгде сөздерді пайда-
лана отырып, сипаттаңыз.
2. Төменде берілген төл сөзді төлеу сөзге, төлеу сөзді төл сөзге айналдырып 
жазыңыз.
Төл сөз
Төлеу сөз
«Əлі бұл өңірде көк шабан тебіндеп келе 
жатыр, қыс ызғары әлі түгел айығып болған 
жоқ», - деп әңгіме қып отырды (Əуезов).
Байжекең әуелі мына қонақтарға шай 
бергенін айтт (Мүсірепов).
Денсаулығының әлсіздігін дәлел қып, 
Анатолий Кондратьевич обкомға: «Канал 
құрылысының начальнигі қызметінен 
босатыңыз», - деп арыз берді.
Ушаков мұның кім екенін сұрады 
(Мүсірепов).


158
159
СҰРАУ МӘНДІ СӨЙЛЕМ
Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұрау 
мәнді сөйлем дейміз. Сұрау мәнді сөйлемдер оларға ерекше форма беретін мына 
амалдар арқылы жасалады: сұраулық есімдіктер, сұраулық шылаулар 
(ма, ме, ше)

көмекші етістіктер 
(болар, шығар, қайтеді)
, оқшау сөдер 
(ә, сірә)
және сұрау интона-
циясы. Сұрау мәнді сөйлемдер мағынасына қарай ашық сұрақ, альтернативті сұрақ, 
риторикалық сұрақ, күмән мәнді сұрақ деп бөлінеді.
1. Төменде берілген сұрау мәнді сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай 
ажыратыңыз. 
Намыс, ар-ұят туралы мақал білесіз бе? Қазақтың мерген қызы атанған Әлия ма, 
Мәншүк пе? Отанды қорғау – өжеттілікті қажет етеді емес пе? Ұлттық мүдде дегенді 
қалай түсінесіз? Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заң қашан 
қабылданды? Бұл ата-бабамыздың асқан ерлігімен келген тәуелсіздік қой? Мерекеге 
орай әскери шеру өтетін шығар? Отан алдындағы борышыңызды өтейсіз бе, жоқ па? 
Ұлы Отан соғысының батырларын атай аласыз ба? Ұлттық қауіпсіздік органдарының 
біреуіне жұмысқа орналасқан болар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет