АЛМАТЫ. Алматы туралы көне жазба
деректер XVI ғасырда түркі тілінде жа-
зылған «Бабыр наме» атты шығармада
және Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Та-
рих-и Рашиди» еңбегінде келтіріледі.
Ал- мату немесе
Алматы атауы «алма өсетін
тау» деген мағынаны білдіреді. Е.Қойшы-
баев деген ғалымның пікірінше, «ту» лек-
семасы көне түркі тілінде «тау» деген мағынаны білдірген. Кейін ол ұсақ өзгерістің
әсерінен «ты» түрінде қолданылады.
1979, 1990 жылдары Алматыдағы шекарашылар училищесінің аумағында күміс
теңгелер табылған. Ғалымдар оны зерттеп, Жетісу өңірінде ХІІІ ғасырда теңге са-
райы болған деген болжам жасады. Теңгелерде теңге сарайының аты
Алмату деп
көрсетілген. 1854 жылы көне Алмату қаласының орнына Верный бекінісі салын-
ды. 1867 жылы оған Алмалы деген атау берілді. Бірақ оның бұл атауы заңды түрде
бекітілмеген. 1921 жылы Верный қаласы Алма-Ата деп аталды. Ал 1993 жылы ҚР-
ның Конституциясына сәйкес қала өзінің тарихи атымен Алматы деп аталды.
АҚТӨБЕ. 1869 жылы әскери бекініс ретінде салынған қала. 1891
жылдан бері Торғай облысындағы уездік қала болды. 1932 жылы об-
лыс орталығына айналды. Ірі станция, автомобиль және әуе жолда-
рының торабы. Онда жергілікті кен орнына негізделген дүниежүзіне
әйгілі ферросплав және хромит қоспаларының зауыттары, рентген
аппараттарын және ауыл шаруашылығы машиналарын жасап шыға-
ратын зауыттар бар.
ҚАРАҒАНДЫ. Қаланың 150 жылдай тарихы бар. 1833 жылы қазақ жігіті Ап-
пақ Байжанов қараған бұтасы көп өскен жердегі суыр інінің жанынан тас көмір
тауып алады. Содан соң жер «Қарағанды» аталып кетеді. 1930 жылдары Қарағанды
өнеркәсіпті қалаға айналды.
СЕМЕЙ. Семейдің орналасқан жері ерте замандардан бастап ежелгі тайпалар-
ға тұрақ болған. Ғалымдардың айтуынша, 1600 жылы Семейде жеті шатыр (семь
палат) тұрғызылған сияқты. 1718 жылы Семей қамалын жаңадан тұрғызуға Ресей-
ден Чередов деген адам жіберілген. Сол жылы Семей бекінісінің іргесі қаланды.
ОРАЛ. Негізі 1613 жылы қаланған қала. Бұдан бірнеше мың жыл бұрын Орал
қаласының орны скиф, гот, хун, овар, печенег және қыпшақ көшпелі тайпалары-
ның мекені болды. Қазір Оралда нарықтың басты салалары – машина жасау, ме-
талл өндіру, құрылыс материалдарын өңдеу сияқты толып жатқан өндіріс орында-
ры бар.