Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж


Ел. Қазақ халқында «Ел іші – алтын бесік», «Елдің елдігін білмеген, Құдайдың  бірлігін білмейді» деген даналық сөздері бар. «Ел» сөзі кейде мемлекет



Pdf көрінісі
бет9/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Ел. Қазақ халқында «Ел іші – алтын бесік», «Елдің елдігін білмеген, Құдайдың 
бірлігін білмейді» деген даналық сөздері бар. «Ел» сөзі кейде мемлекет мағынасында 
«Қазақ елі» деп те қолданылады. Басқа елге баратын өкілді «елші» деп те атайды.
Жұрт. «Жұрт жаңарту», орыстың «юрта» дегені ел мағынасына жақын, синоним 
деуге болады. «Ел», «жұрт» – түрік сөздері.
Ағайын. «Аға-іні» деген сөздердің бірігуінен шыққан. «Отан» арабтың «ва-
тан», яғни, «өлке» деген сөзінен шыққан. «Ұлт» қазақта ертеден Отанға қосарлана 
айтылған.

С.Мұқанов «Халық мұрасы»
1. Төмендегі сұрақтаға жауап беріңіз.
1. Әр абзац бойынша әңгімелеңіздер.
2. «Кір жуып, кіндік кескен жер» сөз 
тіркесін қалай түсінесіз?
3. Өз туған жерлеріңіз туралы айтып 
беріңіздер:
– Туған жеріңіздегі көрікті жерлер;
– Болып өткен тарихи оқиғалар;
– Өлкеңізде туған белгілі тұлғалар.


12
13
Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң 1991 жылғы 
желтоқсан айының 16-сы күні Жоғары Кеңестің VII сессиясында қабылданды. Бұл 
күн – Республиканың Тәуелсіздік күні деп жыл сайын тойланады. Қазақстан Респуб-
ликасы – тәуелсіз, демократиялық мемлекет деп жарияланды. Қазақ ұлтының және 
Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін қайта тү-
летіп, дамыту, ұлттық қадір-қасиетін нығайту мемлекеттің аса маңызды мәдениет-
терінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік рәміздері 
Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұ-
ранымен айбатты.
Республика өкіметі адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында, ха-
лықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баян етілген жеке 
адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдіктерін мойындайды. Қазақ ұл-
тының өзін-өзі билеу құқығын растайды. Ол бейбітшілік саясатын ұстанады, ядро-
лық қаруды таратпауға, қарусыздануға шақырады. Өзінің ішкі және сыртқы саяса-
тын дербес белгілеп, жүйелі жүргізеді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның 5-бабын-
да «Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас, 
бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады» деп жазылған. 
Ал осы Заңның 7-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасының өз азамат-
тығы бар. Басқа мемлекеттерде тұратын республика территориясын тастап шығуға 
мәжбүр болған барлық қазақтардың сол мемлекеттердің азаматтығымен бірге, егер 
олар азаматы болып отырған мемлекеттердің заңдарына қайшы келмейтін болса, 
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу құқығы бар деп танылады».
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы көші-қон үрдістерін де реттеп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет