Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. «Тәуелсіз» дегенді қалай түсінесіз? Осы сөзге синоним ретінде қандай сөздерді
қолданар едіңіз?
2. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда қандай өзгерістер болды? Естеріңізге
түсіріп көріңіздер.
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның
5,7-баптары туралы не айтасыз?
4. Қазақстан туралы ассоциациялық карта жасаңыздар.
СӨЙЛЕСІМ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі туралы өз ойларыңызды айтып, рәміз-
дерге толық сипаттама беріңіздер.
«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік
негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».
(Ғаламтордан)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Тудың түсінің көк болуында қандай себеп бар деп ойлайсыз?
2. Рәміздердің авторларын білесіздер ме? Олар туралы не айтар едіңіз?
3. Әнұранды жатқа жазыңыздар.
Қ
ЫЗЫҚТЫ
ДЕРЕК
!
Кез келген бозбала мен бойжеткеннің сүйікті түсі болады. Және ол біреу емес,
бірнешеу болуы мүмкін. Әдетте, оны киімінің, көлігінің түсіне қарап білуге болады.
Мұнымен қатар, адамның ұнататын түсі арқылы көп мәлімет аламыз.
Психолог мамандар көк, жасыл сынды суық түстерді сабырлы, нәзік, кейде мұңға
жақын жандар таңдайтындығын айтады. Ал қызыл, ақшыл сары сынды жылы түс-
терді басқаруды жақсы көретін, белсенді, көңілді жүретін жандарға балайды.
Төмендегі түстер мен оның адам мінезіне сәйкестігін оқып, мамандардың шын-
дыққа қаншалықты жақындағандарын байқап көріңіз.
Ақ түс. Ол барлық түстің жиынтығы болғандықтан, нағыз арманның символы.
Бір уақытта тазалық пен мұздың суығын еске түсіретіндіктен, астарында көп ма-
ғына бар. Бұл түсті, әдетте, қай ортаға барса да, тез сіңісетін, ешкімді кеудесінен
итермейтін жандар таңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |