4-БӨЛІМ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ. ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДА
Ой бөлісейік
1. Төмендегі тірек сөздерге назар аударыңыз. Олардың әрбірін өмірмен
байланыстырып түсіндіріп көріңіз.
айырбас тауар сату-сатып алу нарық сапа кіріс шығын дағдарыс
шикізат меншік тұрақтандыру бәсекеге қабілеттілік
2. Экономика ұғымының шығу тарихын естідіңіз бе?
3. Ұлттық байлық дегенді қалай түсінесіз?
4. Қазақстан экономикасының қай салалары
жақсы дамыған деп ойласыз? Неліктен?
5. Қазақстанда жұмыс істейтін қандай
шетелдік компанияларды білесіз? Олар Қазақстан
экономикасына қандай үлес қосуда?
6. Сауда дегеніміз не? Экономиканың дамуында
сауданың рөлі қандай?
7. Сауданың дамуы үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
ОҚЫЛЫМ
Ел экономикасының дамуы мен бәсекелестіктің артуының негізгі көздерінің
бірі – жарнама екені белгілі. Төмендегі жарнама туралы мәтінді оқыңыз.
Жарнама тарихы
Жарнама (франц.
reclame
, лат.
reclamo
– жар саламын) – тауарлардың, қызмет
көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты
көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әде-
биет пен өнер шығармашылығы туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама
көпшілік ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылатын адамдар арасындағы қаты-
настың ақылы түрі болып табылады.
Кез келген жарнама хабарламалық, болмаса назар аударушылық сипатымен
ерекшеленеді.
Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы жарнама, институционалдық жарнама
(жақсы пікір қалыптастыру), хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі
жарнама, көше жарнамасы (плакат, афиша), ауызша жарнама, баспалық жарнама,
т.б.
Жарнаманың қарапайым түрлері біздің заманымыздан бұрын пайда болды. Ежел-
гі Грекия мен Ежелгі Римде жарнамаларын, хабарландыруларын ағаш тақтайларға
жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап, жар салатын болған. Баспаға ба-
сылған жарнамалар Ұлыбритания мен Францияда XVII ғасырда пайда болған. Жарна-
ма қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте
«жарлық шашу», «жар салу» ұғымдарымен берілген.
Жарнама үлгілері «Қобыланды батыр», «Оғызнама» жырларында да кездеседі. ХІХ
ғасырдың аяғында шығып тұрған «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты» газеттерінде
де жарнамалар кездеседі. Ол кезде де саяси-экономикалық мәселелерді, оқу-ағарту,
әдебиет және өнер-білім мәселелерін жарнамалаған.
ХХ ғасырда жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты.
Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюы-
на орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарна-
маның стратегиясымен айналысатын жарнамалық компаниялар пайда болды. Жар-
намалық қызмет жанданған сайын бәсеке де қыза түсті.
(Қазақ тілі: негізгі стандарттан жоғары деңгей)
Достарыңызбен бөлісу: |