Э –
экспорт, ............
К –
кәсіпкерлік, ............
О –
облигация, .................
Н –
нарық, .......................
О –
оферта, ......................
М –
меншік, .......................
И –
ипотека, .......................
К –
компания, ........................
А –
айырбас, ..........................
2. Байлық, ақша, бай, кедей, кедейлік туралы мақал-мәтелдерді әрі қарай жал-
ғастырып, толықтырып жазыңыз.
1. Жоқтық – ұят емес,
Байлық – мұрат емес.
2. Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
3. Бай – балпаң келер,
Жарлы – жалаң келер.
Топтық жұмыс
3- Төмендегі кереғар пікірлерді негізге ала отырып, топта шағын пікірталас
ұйымдастырыңыздар.
• Қазақстан әлемнен бөлек, жеке өз басына дамуы керек. Яғни, әлеммен байла-
ныс орнатудың еш қажеті жоқ, керектің барлығы өзімізде бар.
• Қазақстан әлемге әйгілі болса да, оның халыққа берер еш пайдасы жоқ.
• Қазақстан беделді елдермен байланыс орнатқан жағдайда ғана экономика-
лық жағынан дами алады.
4- Үш студент сыртқа шығады. Аудиторияда қалған студенттер оларды әртүрлі
үш мекеменің директоры етіп тағайындайды. Сырттағы студенттер өздерінің қай
мекеменің директоры екенін білмеулері керек. Кейін олардан студенттер өздері ди-
ректор болған мекеменің жұмысы туралы сұрай бастайды. Қойылған сұрақтарға қа-
рап ол үшеуі өздерінің қай мекеменің директоры екенін табу керек. Ең аз сұрақтан
тапқан студент жеңеді. Мысалы, егер мұнай компаниясының директоры болса, мы-
надай сұрақтар қойса болады?
-
Сіздің мекемеңізде неше қызметкер бар?
-
Достарыңызбен бөлісу: |