Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет22/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Айына қанша өнім шығарасыз?

Оны қайда сатасыз?

Сіздің өніміңіздің негізінен кімдер пайдаланады?

Өніміңізді шетелге сатасыз ба? т.б.


26
27
5-БӨЛІМ
АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫ. БАНК ЖҮЙЕСІ. ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА
Ой бөлісейік
1. Төмендегі тірек сөздерге назар аударыңыз. Қай сөздер сізге жақсы таныс?  
айналымға енгізу қылқалам шеберлері ұлттық валюта несие қаржы
жомарттық сараңдық шығын кіріс 
2. Ақша деген не? Ақша қандай қызмет атқарады?
3. Ақшаға байланысты қандай ырым-тыйымдарды білесіз?
4. Ақшаның шығу тарихын білесіз бе?
5. Қазақстанда ұлттық валюта күні қай күні атап өтіледі?
6. Теңге қай жылдары айналымға енді?
7. Теңгенің авторлары кімдер?
ОҚЫЛЫМ
Мәтіндерді түсініп оқыңыз.
Ақша туралы қызықты деректер
1) Орыстың «монета» сөзі Ежелгі Римнен келген. Рим құдайы Юнона Монета 
лауазымына ие болған, латыншадан аударғанда бұл «алдын-ала ескертуші» немесе 
«кеңесші» деген мағынаны білдіреді. Дәл осы құдайдың ғибадатханасының жанында 
металл ақшаларды соғатын шеберханалар болған. Осы шеберханалардың өнімдерін 
монета деп атай бастаған, ал ағылшын тілінде осы сөзден «money» деген ақшаның 
жалпы атауы шыққан.
2) Ежелгі Грецияның мемлекеттерінде қарапайым ақшалар болғанымен, Спар-
тада ақшаның орнына ауыр және ыңғайсыз темір шыбықтарды пайдаланған. Бұл 
спарталықтардың байлыққа құмар болмауы үшін, сонымен қатар аз ұрлап, пара бер-
меуі үшін жасалған әрекет.
3) Әлемге танымал доллардың белгісі ($) америкалық валюта пайда болған-
ға дейін, тіпті Құрама Штаттарға дейін болған. Бастапқыда ол АҚШ-тың өз тиынын 
соғып шығарғанға дейін, шекарасында кең қолданыста жүрген мексикалық песоны 
белгілеу үшін пайдаланылған. Сол кезеңнің құжаттарын зерттеу көрсеткендей, бұл 
белгі P мен S әріптерінің қосындысынан пайда болған. Ps аббервиатурасы песоны 
белгілеу үшін пайдаланылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет