Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж


Мәтін мазмұны бойынша төмендегі кестені толтырыңыз



Pdf көрінісі
бет19/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

1. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.
Жарнама ұғымына берілген анықтама
Плакат, афиша
Жарнаманың түрлері мен олардың өзара ерек-
шеліктері не деп ойлайсыз?
Біздің заманымыздан бұрын пайда болған.
«Қобыланды батыр», «Оғызнама» жырларын-
да қандай жарнама үлгілері кезедседі деп 
ойлайсыз?
Олар саяси-экономикалық мәселелерді, оқу-
ағарту, әдебиет және өнер-білім мәселелерін 
жарнамалаған.
2. Кез келген бір өнімді алып, топ алдында өз жарнамаңызды әзірлеңіз.
ТЫҢДАЛЫМ
«Шеврон» компаниясының өкілі мен тілші арасындағы сұхбатты тыңдаңыз.
- Қош келдіңіз! Сізден еліміздегі жетекші шетелдік бір компанияның өкілі ретінде 
бірнеше сұрақ қойсақ деп едік ...
- Әрине, сұрақтарыңызды қоюыңызға болады.
- Қазақстан неліктен халықаралық мұнай компанияларымен әріптестік орнатқан 
деп ойлайсыз?
- Қазақстан өзінің мұнай-газ қорын жедел әрі тиімді пайдалану үшін және үздік 
халықаралық технология, ноу-хау, ірі капиталдар тарту мақсатында халықаралық 
мұнай компанияларымен келісімшарт жасаған деп ойлаймын.
- Ол келісімшарттар бойынша шетелдік компаниялар қандай салаларда жұмыс 
істеуде?
- Мұнай-газ ресурстарын игеру, өңдеу, тасымалдау салаларында жұмыс істеуде. 
Жасалған келісімшарттардың негізінде Қазақстанның мүддесі, экологиясы, 
жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және әлеуметтік мәселелердің 
шешілуі қарастырылған. Сондай компаниялардың бірі – «Шеврон» халықаралық 
мұнай корпорациясы болып табылады. 


24
25
- ҚР мен «Шеврон» арасындағы іскерлік ынтымақтастықтың негізі қашан қаланды?
- Ұзақ мерзімді келісімшарт 1993 жылы 6 сәуірде жасалған болатын. Осы күні 
ҚР Үкіметі мен «Шеврон» корпорациясы «Теңіз» мұнай-кен орнын бірігіп игеру тең 
үлестік негізде «ТеңізШевройл» (ТШО) бірлескен кәсіпорын құру» туралы келісімге 
қол қойды. 
- «Шеврон» компаниясы негізінен немен айналысады?
- «Шеврон» – мұнайды барлау мен өндіру, тасымалдау, мұнай өңдеу, химиялық 
өнімдерді шығару және оларды сатумен айналысады.
- «Шеврон» корпорациясы басқа қандай елдерде жұмысын атқаруда?
- Компанияның ентаңбасы 90-нан астам елде компания кеңселерін безендіруде.
- Сұхбатыңызға рақмет!
- Оқасы жоқ. 
(Сұхбат «Қазақ тілі: тіл ұстартуға арналған оқу құралы негізінде құрастырылды)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет