Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет66/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Дін және мәдениет. Діннің халық өміріндегі алатын орнының маңыздылығы 
соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын мәдениеті ту-
ралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. 
Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруын-
да, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Тіпті «религия», сөзінің 
этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты 
қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін – адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын 
қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар 
негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір 
мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады (
/kk.wikipedia)
.
1. Дін мен ғылымның ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын төмендегі кестеге 
толтырып жазыңыз.
2. Топтық жұмыс
«Дін – ғылымның бастауы» деген пікір-
мен келісесіз бе? Топқа бөлініп, өз ойлары-
ңызды дәлелдеңіздер. Түрлі ақпарат көздерін 
пайдаланыңыздар.
87 
1
. Дін мен ғылымның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын төмендегі кестеге 
толтырып жазыңыз.
 
 
 2. 
Топтық жұмыс
 
 
«Дін –
 
ғылымның бастауы» деген пікірмен келісесіз бе? Топқа бөлініп, өз 
ойларыңызды дәлелдеңіздер. Түрлі ақпарат көздерін пайдаланыңыздар

 
 
3. Дін мен мәдениетті не байланыстырады деп ойлайсыз?
 
 
Біле жүріңіз!
 
 
Адамзат тарихындағы ең ұлы адам
 
 
Американдық ғалым Майкл Харттың «Тарихтағы 100 ұлы адам» деген ғылыми еңбегі 
батыс елдерін дүр сілкіндірді. Бұл еңбекке енген, атақтары дүние жүзіне белгілі 100 ұлы адам 
компьютердің көмегімен
зерттеліп, іріктелініп алынған.
Мұндай жоғары бағаға ие болған ұлы адам мына шарттарға сәйкес болуы керек:

халыққа әкелген сенімі;

халықты басқару ерекшелігі мен халыққа тигізген пайдасы; 

өз жеке басының ұлылығы.
Осы шарт бойынша жүз ұлы адамның толық өмірбаяны компьютердің жадына енгізіліп, 
компьютерлік талдау жүргізіледі. Компьютерлік сараптау нәтижесінде мониторға
тарихтағы 
нөмірі бірінші ең ұлы адамның есімі жазылады. Бұл есім 

хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) 
Пайғамбардың есімі еді. Бұдан кейін де барлық мәліметтер мұқият тексеріліп, сараптау 
жұмыстары бірнеше рет қайталанды. Нәтижесінде Пайғамбарымыздың есімі компьютер экранына 
бірінші болып шыға берді. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. ғ. с.) өмірбаяны үш шартқа да сәйкес 
болатын. Екінші болып Мұса (ғ.с. ), үшінші болып Иса (ғ.с.) пайғамбарлардың есімдері жазылды 
(«Ислам әлемі» журналынан).
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет