Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет74/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

3. Қандай өнер түрлерін білесіз? Сіз қандай өнер түрін ұнатасыз?
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді түсініп оқыңыздар.
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, 
қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психи-
касының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» 
бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге 
еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша 
еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар 
мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, 
әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. 
В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды. 
2. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден 
ізделеді.
а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу 
үшін оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс 
жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, 
К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, 
еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.
Қоғамдық теориялардың дұрыстығы – тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда 
болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен 
бірге дамиды 
(massaget.kz).
Сіз қай теориямен келісесіз? Өз ойыңызды дәлелдеңіз.
Еліктеу теориялары
«Одағай теориясы»
Ымдау теориясы
«Қоғамдық келісім теориясы»
Еңбек теориясы


88
89
Біле жүріңіз!
Француз тілінде [0] дыбысын 13 түрлі тәсілмен жазуға болады. 
«Жұлдызды жол» (Звёздный путь) киносына арнап тіл ойлап тапқан. Ол өзінің 3 
жастағы баласына осы тілді үйретеді, алайда бала ер жеткен соң тілді ұмытып қалған.
Фриз тілі – 400 мың халқы бар, нидерландықтар сөйлейтін ресми тіл. Ол ағыл-
шын тілінде сөйлейтін адамдарға үйренуге ең жеңіл тіл болып саналады. 
Ватикан елінің банкоматтары нұсқауды латын тілінде береді. 
2000-нан аса иероглиф білу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет