Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет76/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Көрнек өнері бес тарау болады: 
Бірінші - тастан, кірпіштен, ағаштан яки басқа заттан сәнін келтіріп, сәулетті са-
райлар, мешіт, медресе, үй, там сияқты нәрселер салу өнері. Бұл сәулет өнері бола-
ды. (Европаша - архитектура).
Екінші - балшықтан я металдан құйып, тастан я ағаштан жонып, нәрсенің тұлға-
сын, тұрпатын, сын-сымбатын келтіріп сүгірет жасау өнері. Бұл сымбат өнері бола-
ды. (Европаша — скульптура). 
Үшінші - түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін, түсін, кескін-келбетін келтіріп, сүгі-
реттеп көрсету өнері. Бұл кескін өнері болады. (Орысша — живопись.) 
Төртінші — әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын, сайрамын келтіріп, құлаққа 
жағып, көңілді әсерлейтін ән салу, күй тарту өнері. Бұл әуез өнері болады. (Европа-
ша — музыка). Бесінші — нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп 
айту өнері. Бұл сөз өнері болады. (Қазақша — асыл сөз, арабша — әдебиет, Европаша 
— литература). 
Өнердің ең алды — сөз өнері деп саналады. «Өнер алды — қызыл тіл» деген қа-
зақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін біл-
гендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері 
атқара алады. 
Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді сүгіреттер болсын, 
қандай әдемі ән-күй болсын — сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға бола-
ды. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді (А.Байтұрсынұлы «Сөз өнері»).
1. Жаратынды мен жасалынды өнер, тірнек өнер мен көрнек өнердің 
айырмашылықтарын топ болып талқылаңыздар.
2. Өнер түрлері ішінде А.Байтұрсынұлы сөз өнеріне ерекше мән береді? Сіздің 
ойыңызша қай өнер түрі басқаларына қарағанда маңызды? 
Топтық жұмыс
Әр топ бір өнер түрін алып, пікірталас жасаңыздар. Пікірталаста қамтылуы 
тиіс:
– таңдаған өнер түрінің артықшылықтары;
– таңдаған өнердің туындылары;
– таңдаған өнер саласының дарынды тұлғалары;
– қазіргі таңдағы таңдаған өнер түрінің маңызы
.
100 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет