Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет79/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

1. Мәтінді бөліктерге бөліп жоспар құрыңыз.
Бөлім
Атауы
2. Бүгінгі таңда фонограмманың орны, қызметі мен қолданысы туралы өз ой-
ыңызды жазып, мысалдармен дәлелдеңіз.
3. Әлемдік немесе отандық театрлар, мұражайлар туралы мәліметтер жинап, 
презентация дайындаңыз.
19-БӨЛІМ
ӨНЕГЕЛІ ҒҰМЫР: ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР
Ой бөлісейік
1. Индивид, адам және тұлға сөздерінің негізгі айырмашылықтары қандай?
2. «Толық адам» ұғымы туралы не білесіз?
3. Қазақтың қандай тарихи тұлғаларын білесіз?
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Қайраттың соңғы хаты
«…Иә, мен сiздерден еш жасырмаймын, мен 18 желтоқсан 1986 жылы алаңға 
бардым, көпшiлiкпен бiрге. Барғанда да Қонаевтың күйiн күйттеп барған жоқпын. 
Тек қана, ол жерге барған себебiм, бар мақсатым, бiрiншiден, ол жерде не болып, 
не iстеп, не қойып жатқанын өз көзiммен көру болды. Екiншiден, алаңда қазақтың 
уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, өлтiрiп жатыр дегендi елден естiген соң, өз ба-
сым қолымды жайып «күл болмасаң, бүл бол» деп отыруға еркектiк ар-намысым еш 
жетпедi. Ер қатарында ер қара боп, саны бар, сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген на-
мыссыз еркек мен емеспiн, құдайға шүкiршiлiк, менiң де көркейген кеудемде нағыз 
ерге лайық «намыс» баршылық. Оның үстiне «қыздың жолы жiңiшке» деген. Менiң 
түсiнiгiмше, әйел адамға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың, хайуандардың ер-
кегi де ұрғашысына мүйiз, я болмаса тұяғын көтермейдi. Ал, бiз бәрiмiз де аң емес, 
адамзаттың ұлы — адамбыз, сондықтан, ер адам әйел затына қол көтерiп, қол жұм-
сауға тиiс емес, әуелi еш правосы жоқ. Мiне, қысқаша айтқанда, осындай түсiнiкпен, 
әйел затына ер болып өз қолұшымды берiп, көмектесуге, оларды арашалап-қорғау 
үшiн барғаным рас. Сол жерде қолымнан келгенше бiр көмегiмдi бергенiм де рас. Ол 
үшiн әлi күнге дейiн еш өкiнбеймiн, керiсiнше, үлкен мақтаныш тұтамын. Бiрақ та, 
бiр Құдай өзi куә, адам баласын еш өлтiргенiм жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзi, 
сормаңдай менiң қолымнан келмейдi. Еш уақытта, ешқашан да… Ал, әйел затына 
айуандықпен қол көтерiп, шашынан тартып, көкпарша сүйрегенi үшiн бiр милиция-
ны ұрып-соққаным өте рас. Ол адам күнi бүгiнге дейiн аман-есен зыр жүгiрiп жүр. Өз 
қолыммен жасаған бар терiс қылық, бар қылмысым осы ғана» (massaget.kz).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет