84
85
Қайырмасы:
Шілдехана, бесік той, тұсау кесу, сүндет той, ай шіркін-ай,
Құда түсу, сырға салу беташарың-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қыз-бозбала кең далада ән мен күйді тербеткен.
Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден,
Қыз балаға жарасады алқа,шашпау,сәукеле.
Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын,
Ата-баба көзіндей қып сақтайық қазақ дәстүрін!
Қайырмасы:
Шілдехана, бесік той, тұсау кесу, сүндет той, ай шіркін-ай,
Құда түсу, сырға салу, беташарың-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қыз-бозбала кең далада ән мен күйді тербеткен.
1. Өлеңнен салт-дәстүр атауларын теріп жазып, түсіндірмесін беріңдер.
СӨЙЛЕСІМ
Мәтінді мұқият оқыңыз.
… Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға
әжелері, не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім
немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының
әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын. Ал менің
кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше
заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні
әлі тұр құлағымда. Бөстекке отырып алып, басымды бауырына қысып, кәрі алқа-
нымен арқамнан томп-томп қағып қойып:
- Балам менің қайда екен? - Қыздарменен тауда екен.
- Тауда неғып жүр екен? - Алма теріп жүр екен.
- Алмасынан кәнеки? - Жаңа теріп жүр екен.
- Қызыл алма қолында Қыз-бозбала соңында, - деуші еді-ау.
Кейде қиястықпен қыңқылдап мазасын ала берсем, алдына алып отырып:
Жылама бөпем, жылама, Жілік шағып берейін,
Жілігінің майы жоқ Жіпке тағып берейін.
Көк сиырдың сүтінен Көже жасап берейін.
Оның тұзын кім татар Жыламайтын ұл татар, - деп мәпелейтін еді.
Сол кезде әдемі әнге елтіп жатып балбырап ұйықтап кетер едім. Қайран
сол балалық, қайта келермісің, сен! Кей кезде сол бір алаңсыз балалығыңды аңсап,
еріксіз сағынасың. Әлдеқайдан асыр салып, жол шаңын бұрқыратып, тұлымын
жалбыратып, екі бетін албыратып, дүниені даңғыратып сол балалығым шыға ке-
летіндей, айналаңа жалтақтай беретін кездерің жиі болады. Алайда бал балалық
қайдан келсін. Ойыңа сол шақтардың өрнектері ғана, үзік-үзік бөлшектері ғана, са-
пырылысқан ретсіз саздары ғана оралады. Сен соны тұшынасың да тамсанасың. Там-
санасың да еріксіз жымиясың. Осы сәтте бір шеттен балалық дәуірдің бір елесі де жы-
миып тұрғандай сезіледі. Біздің кейде өткенді еске алсақ, тұтас тұлға іздеп, бүтін бір
жүйелі оқиға іздеп, кесек- кесек кереметтер іздеп, ерекше мән беріп қарайтынымыз
бар. Дәл осы өлшем балғын кезге келе бермейді. Өйткені бала жүрегі, бала көңілі,
бала ойы алғашқы көргенін, алғашқы сезгенін, алғашқы тұшынғанын қаз-қалпында,
тұнық күйінде болмысына ұйытып алады да, сол қалпында сақтай біледі. Бала қиялы
ол көргендерінен көлемді ой түйіп жатпайды, қайта үзік-үзік үміттің өзінен рақат
сезімге бөлене береді
(Б.Момышұлы «Ұшқан ұя»).
Достарыңызбен бөлісу: