146
147
30-БӨЛІМ
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЛАР МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР.
Ой бөлісейік
1. Төмендегі тірек сөздерге назар аударыңыз. Олар сабақ тақырыбын қай қыры-
нан ашады деп ойлайсыз?
қоғам, мемлекет, қор, зейнеткер, мүмкіндігі шектеулі адам, қайырымды-
лық, қамқорлық, іс-шара, өмір, мекеме, тәрбие, көмек, сыйлық, балалар үйі,
қарттар үйі, еңбекақы
2. Қайырымдылық сөзіне мағыналас сөздерді атаңыз.
3. Қандай қайырымдылық қорларды білесіз? Олардың мақсаты не?
4. Өз оқу орныңызда қандай да бір қайырымдылық іс-шаралары жүргізіле ме?
Болса, қандай?
5. Мына мақал-мәтелдердің мағынасын қалай түсінесіз?
Игіліктің ерте-кеші жоқ.
Жақсылық қылсаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр.
Жақсылық біреуден қайтпаса,
Біреуден қайтады.
Кең болсаң, кем болмассың.
Жамандық пайда етпейді,
Жақсылық зая кетпейді.
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Қайырымдылық үшін байлығын аямайтын атақты 7 миллиардер
Forbes тізіміндегі дәулеттілерді біріктіретін ортақ нәрсе банк есепшоттарындағы
цифрлар ғана емес, қайырымдылыққа деген көзқарастары. Олар ұзақ жылдар бойы
жинаған қаржысының тең жартысын өзгелердің мұқтажы үшін жұмсауға дайын.
Достарыңызбен бөлісу: