Біле жүріңіз!
Қазақтың танымында жел – қыс пен жаздың қандай бола-
тынын болжайтын синоптиктік хабаршы. Себебі күзде және
көктемде жиі соғатын желдің күш-қуаты мен бағытына қа-
рап, халық алдағы жыл мезгілінің жайлы, жайсыз болаты-
нын аңғарып, соған орай қыс немесе жаз қамын алдын ала
ойластыратын болған. Осы бір табиғаттың тылсым күші қыс
мезгілінде ашуына енсе, дауылға, одан әрі боранға ұласаты-
ны белгілі.
Жалпы алғанда тілімізде кездесетін желдің түрлерін топ-
тастыратын болсақ, төрт мезгілге ажыратып көрсетуге болады.
Қара жел – жауын-шашынсыз азынап соққан өкпек жел.
Жаяу бұрқасын – ызғары шамалы ғана қарлы жел.
Жібек жел – салқын самал.
Мырза жел – ақырын соққан баяу жел.
Азынау жел – гуілдеп соққан аңқыма жел.
Алтын күрек – оңтүстіктен үзбей соғып, қыстың соңғы қарын күрт ерітетін жылы
жел.
Боранды жел – қарды бұрқы ратып ұйытқып соғатын ысқырық жел.
Бұрқасын – жерге түскен қарды суырып соғар бәсең жел.
Дауыл – шаңдатқан, боран дат қан, алай-дүлей осқырған жел.
Желең жел – сәл-пәл соғатын жел.
Жоғары жел – биіктен үйірген жел.
Ескек жел – есе соққан жел.
Еспе жел– желпінді еспек жел.
Зулама жел – іркілмей соғатын екпінді жел.
Көк дауыл – аязды қарлы боран.
Қара құйын – топырақ, құм боратқан жел.
Қарсы жел – жүріс бағытқа қарсы соғатын жел.
Тентек жел – ала құйын есер жел.
Үрме жел – екпіні бір басылып, бір көтеріліп соғар жел.
Үскірік жел – күзгі, қысқа құрғақ, суық жел.
Ызғырық жел – өңменіңнен өтер суық жел
(Ана тілі газетінен)
Ерекше табиғат құбылысы болып табылатын желдің бірнеше атауымен та-
ныстыңыз. Бұған дейін желдің қандай түрін білетін едіңіз? Халқымыз желге
осыншама атауды не үшін берді деп ойлайсыз?
Жоғарыдағы мәтінді негізге ала отырып, қажет болса сөздіктерді пайдала-
нып, күн, жер, су, ауа ұғымдарымен тіркесетін сөз тіркестерін жинақтап, мәтін
құрастырыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |