Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет92/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қажетті тұлғада қойып, өлең мазмұнын 
қара сөзбен жазыңыз, негізгі ойды шынайы өмірмен байланыстырыңыз.
Қажетті сөздер: қалайы, алтын, күміс, мыс. 
Пәстеу соғып сырт көркі мазмұнынан,
Бекер болды-ау, мезгілсіз тозды бір ән.
... құйдық тұлғасын ұлылардың,
Жер бетінде ... аздығынан.
Міне, тағы құлашын жазды бір ән,
Көркі осалдық етпегей мазмұнынан.
Сорпа ішеміз ... қасықпенен,
Жер бетінде ... аздығынан.
Жасық жайлы жасампаз ойға қалып,
Жарар еді кетпесек майдаланып.
Сары шымшық сан рет той бастады,
Бұлбұлдардың аздығын пайдаланып.
... өтсе ... есімімен,
Үйреніппіз қарауға кешіріммен.
Соның бәрі асылдың аздығынан,
Азға зорлық жасаудың кесірінен (М. Шаханов).


100
101
21-БӨЛІМ
ӨСІМДІКТЕР, ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ
Ой бөлісейік
1. Қазақ танымындағы ерекше өсімдіктер мен жануарларды атаңыз.
2. Жануар, аң және хайуан ұғымдарының ерекшеліктері туралы айтыңыз.
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді түсініп оқыңыз. 
Жаратушы тәңірінің жар құлағы жастыққа тимей күндіз-
түні ойға батыпты. Ақыры жан-жануар аң біткенді жинаған 
екен. Осы жиында өз ойын білдіріпті. Енді есеп жүргізуді он 
екі ай бойынша енгізетінін айтады. Ол үшін он екі жыл-
дың әр жылын жануарлар атымен атайтынын баяндайды. 
Сондықтан жан-жануар тегіс жазық далаға шығып, таң 
сәулесін күтсін. Шығыстан күн көтеріліп алғашқы алтын 
нұры жер бетіне төгілген сәт жыл басы болсын. Сол нұрды 
бұрын көргеніңнің атымен бірінші жылды атаймын. Екінші 
көргендерін екінші жылға ие боласыңдар. Осылайша он екі 
жануар он екі жылға иеленеді деген екен.
Аң біткеннің барлығы ашық алаңға жиналып, бозала таң атқанша бір-
біріне мақтана бастайды. Біреулер көзінің қырағылығына, біреулер өзінің жүйріктігі-
не сеніп, күн сәулесіне бәрінен ерте жететініне шүбәсіз болады. Ал түйе болса маң-
ғаз басып, ырғала ыңыранып, ернінен көбік шұбыртып, мойнын сан құбылтып, 
төңірегіндегінің біреуін де көзіне ілмей жатқан екен... «Таласып таусыла беріңдер, 
бейшаралар, босқа болдырғанша алаңсыз тыныға берейін. Мен сендер сияқты күн 
сәулесін күтіп шығысқа жүгірмеймін де, көз майын тауысып төңірекке үңілмеймін 
де. Құба жондай бойым бар, кұлаш-құлаш мойын бар. Осы жатқан күйімде мойным-
ды бір созсам, бәрің жер бауырлап қаласыңдар. Күн шапағы шашырарда, мен мой-
нымды созып жіберіп, жыл басын өзім көрермін әлі. Тәңірден алғашқы жылдың атын 
өзім алып қайтам», - деп тікенек күйсеп жата береді.
Бейшара тышқан өзінің дәрменсіздігін мойындап жанұшыра безек қағады. Мынау 
жатқан алып түйенің қасында ол өзін кұмырсқадай сезінгенде, бар болмысы шиыр-
шық ата шиқылдапты. Сонда да жылдан дәмелі емес пе, әркімге жалбарына қарап, 
жалына сұрақ берумен болған екен: «Мен қайтемін?! Мен қайтемін?!» - дей беріпті. 
Тіптен түйенің қасына келіп шыңғыра шиқылдап одан да әлгі сұрағына жауап із-
дейді. Маңғаз түйе мойнын да бұрмай, ақкөбік жынын тышқанға бүркіп жіберіпті де 
былай депті: «Масадай болған бишара, мазамды алмай көзіңді жоғалтшы. Сенің бо-
йың шөптен де аласа, шөңгемен тең емессің бе? Кеудеңде жаның бар демесең, кесек 
құрлы мыжып кетуге жарамайтын сорлы, сен жылдан дәметпей-ақ жайыңа жүрсең 
қайтеді...» - деп көзін жұмып ыңыраныпты түйе.
Тымық түн төңіректі әлдилеп, дүниені теп-тегіс маужыратқан кез орнапты. Со-
нан соң көгілдір аспанның көздеріндей болып жұлдыздар ойнақшыпты. Сар далада 
тек қана әлсін-әлсін алыстан шиебөрінің ұлыған үні естіліп тұрған екен. Онан өзге 
дыбыс та, онан өзге сыбыс та білінбепті... Айналаны торуылдаған аң біткеннің бәрі 
күншығысқа қадалған күйі көз ілмей күткен екен...
Міне, таң арайы таңдайланып алыс көкжиекті ақ сүтке шомылдыра бастапты. 
Түнімен тағатсыз күткен жан-жануар безек қағып берекесі кетеді. Біреуі мойнын со-
зып, бірі секіріп, алғашқы сәулені алдымен көруге арпалысып жүр. Қу түлкі болса 
құйрығын бұлғақтатып әр тұстан жылт етіп бой көрсете береді...
- Е-е, осыларды қойшы... Маған не асығыс бар, - деп есінепті түйе.
Кенет оның төбе тұсынан шіңкілдеген үн естіліпті:
- Мен көрдім, мен көрдім. Алтын сәулеге шомылған ақша бұлт көтеріліп келеді.
Бұл - түйенің төбесіне шығып алып бәрінен бұрын жыл басын көрген тышқан еді.
- Үнің қайдан шығып тұр, құмалақтай болған сен бәленің? - деп бұрылыпты түйе.
- Мен сенің төбеңде тұрмын. Бәрі анық, бәрі әдемі көрінеді екен. Алғаш көрген 
өзіммін, жыл басы да өзіммін, - деп тышқан мәз болып шиқылдапты. Ашулы түйе ба-
сын сілкіп қалғанда, байғұс тышқан атқан кесектей ұшып «мен бірінші көрдім» деп 
айқайлаған күйі алысқа топ ете түскен екен.
Жыл басы тышқаннан басталатыны содан, құлындарым. «Түйе бойына сеніп, 
жылдан құр қалыпты» деген мақал осыдан шыққан ғой. Кейде «түйедей бойың бол-
са да, тышқандай ақылың жоқ» деп неге ұрсады дейсің адамдар. Бұл бойыңа сенбе, 
ойыңа сен, мақтан сөзге ерме, мағыналы тірлікке ер дегені. Сондықтан түйеге ұқсап 
орынсыз түксие бермеңдер, шырақтарым. Ақылға жүгініңдер, - деп күліп еді әжем 
(Б.Момышұлы «Ұшқан ұя»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет