Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет95/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Біле жүріңіз!
Қан сорғыш терек. Ауғанстанда өзгеше қан соратын терек бар. Оның биіктігі 
екі метр, жуандығы 10см айналасында ғана. Теректің өн бойы толған түйіршік тек-
тес. Қорқыныштысы жапырағына қол тиіп кетсе болды, дереу жабыстырып алып, 
қанын сорып, ақжемін шығарады екен. Кезінде Германия, Франция, Италия жаба-
йы өсімдіктерді тексеру бірлескен отряды сол жерге барып, зерттеу жүргізеді. Со-
лардың бірі осы ғажайып теректі көріп, таңдана жапырағын ұстайды. Сол-ақ екен, 
оның алақаны жапыраққа жабысады да қалады. Қалай бұлқынса да, қолын ажырата 
алмайды. Жапырақ оның қолын мұжып, қанын сора бастайды. Әріптесінің жанын 
алып қалу үшін, зерттеушілердің бастығы амалсыздан қолын шауып тастайды. Бұл 
оқиға өсімдік зерттеушілердің назарын ерекше аударады. Олар әрі қалың, әрі мықты 
жасалған ерекше қолғап киіп, теректі ұстап, оның сырын шешпек болады. Ойлама-
ған жерден ағаш жапырағы адам қолымен қоса, қолғапты жабыстырып алып, дереу 
тесіп жібереді. Олар қолғаптан қолдарын зорға шығарып үлгереді. Ал ағаш жапыра-
ғына жабысқан қолғаптың лезде дал-дұлы шыққанын көреді. Міне, бұл күні бүгінге 
дейін құпиясы ашылмаған сырлы ағаш. 
Кір кетіргіш ағаш. Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауындағы Алжирде таңғажа-
йып, қабығы қызыл, бұтағы жуан, жапырағы қалың ағаш бар. Жергілікті тұрғындар 
оны «Бодан» деп атайды. Мағынасы «кір кетіру» деген сөз. Тұрғындар кірлеген киім-
дерін ағашқа орап қойып, бірнеше сағаттан соң, таза сумен шайып жіберсе болғаны
киім тап-таза болып шыға келеді екен. Негізінде бұл ағаштың қабығында сарғыш 
түсті сұйықтық бөліп шығаратын көптеген ұсақ тесіктер бар болып, ал сұйықтықтың 
құрамындағы сілті тазартқыш рөлін атқарады.
Адам жейтін ағаш. Индонезияның Ява аралында бір түрлі «Янбай» деп аталатын 
адам жейтін қорқынышты ағаш бар. Жайшылықта бұл ағаштың бұтақтары шұбалып, 
жайылып жатады. Ал адам болсын, аң болсын байқамай бұтақтың біріне тиіп кетсе, 


105
104
ағаш бұтақтары әп-сәтте шырмап алады. Сондай-ақ ағаш бұтақтарынан жабысқақ 
сұйықтық ағып, шырмалған денені ірітіп жібереді. Соңынан бұтақтарын қайтадан 
жайып, келесі орайды күтеді екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет