Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет97/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

ОҚЫЛЫМ
Берілген мәтіндерді түсініп оқыңыз.
Қызыл кітап
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп табиғат-
тың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да адамзат қол-
дан жасады. Ол – Қызыл кітап.
Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл 
түс?
Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті 
қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия 
құрылды.
Комиссияның қызметі жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, 
зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комис-
сия төрағасы Питер Скот адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса 
ойлануы үшін тізімді 
«Қызыл кітап»
деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 
1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы 
қадамдарының бірі болатын
Қызыл кітаптың
ішінде Қара кітап та бар, яғни қара тізім. Жер бетінен мүлде 
құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.
Қызыл кітап
бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.
Білемін
Білдім
Білгім келеді


106
107
Қазақстанда қорықтарды қорғау
Дүниежүзінің әртүрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын 
қызметі мен негізгі бағыты әртүрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорық-
тар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі. 
Қазір дүниежүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі 
ең үлкені – Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі – 7млн гектар.
Қорық
– ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен 
жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы, Барсакелмес қоры-
ғы құланды, Қорғалжын қорығы қоқиқазды, Үстірт қорығы дала қойын, Алматы қо-
рығы Тянь-Шань шыршасын сақтап, көбейту мақсатында құрылған.
Көптеген ғалымдардың еңбектерінде VI-VII ғасырларда қазақ жерінде ерекше 
қорғалатын жерлер болғанын жазады. Мысалы, В.В.Бартольд еңбектерінде «Жер 
жәннаты – Жетісу» аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары шұрайлы, көк шал-
ғынды, бау-бақшалы салқын жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал жаймаған-
дығын, мезгілсіз аң ауламағандығын жазған. Бұдан бабаларымыз ерте кезде-ақ келе-
шек ұрпақ үшін туған табиғаттың әсем жерлерін аялай білгенін байқаймыз.
Ал 
Ұлттық парктердің
қорықтардан айырмашылығы бар. Ұлттық парктер-
де өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен қа-
тар, адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға 
мүмкіндік жасайтын орындар бар.
Қазақстанда алғаш рет ұлттық парк Баянауыл таулы орман алқабында ұйым-
дастырылды. Мұнда 40-қа тарта аңдардың, 50-ден аса құстарың түрлері қорғалады. 
Олардың көпшілігі «Қызыл кітапқа» енген.
Табиғат ескерткіштері
деп сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетінен 
мүжіліп, бұзылып жатқан ғылыми, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат объ-
ектілерін айтады.
Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз. 
Табиғат ескерткіштері дүниежүзінің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда қазір 24 
табиғат ескерткіші бар. Олардың ішіндегі аса маңыздылырына «Жетісу маржаны», 
«Шың түрген» шыршасы, Павлодардағы «Жыл құстары» табиғат ескерткіштерін жат-
қызуға болады.
(Қазақ тілі:оқу құралы.)
1. Қорық, ұлттық парк, табиғат ескерткіштерінің өзіндік ерекшеліктерін атаңыз.
2. Дүниежүзіндегі ең үлкен қорық қайсы?
3. В.В.Бартольд қандай деректер келтіреді?
4. Қазақстандағы ұлттық парктер мен табиғат ескерткіштерін атаңыз. Олар 
туралы қосымша ақпарат табыңыз.
5. Не себепті табиғат объектілері қорғауға алынады деп ойлайсыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет