106
107
Қазақстанда қорықтарды қорғау
Дүниежүзінің әртүрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын
қызметі мен негізгі бағыты әртүрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорық-
тар, қорықшалар, резерваттар,
ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі.
Қазір дүниежүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі
ең үлкені – Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі – 7млн гектар.
Қорық
– ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен
жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы, Барсакелмес қоры-
ғы құланды, Қорғалжын қорығы қоқиқазды, Үстірт қорығы дала қойын, Алматы қо-
рығы Тянь-Шань шыршасын сақтап, көбейту мақсатында құрылған.
Көптеген ғалымдардың еңбектерінде VI-VII ғасырларда
қазақ жерінде ерекше
қорғалатын жерлер болғанын жазады. Мысалы, В.В.Бартольд еңбектерінде «Жер
жәннаты – Жетісу» аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары шұрайлы, көк шал-
ғынды, бау-бақшалы салқын жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал жаймаған-
дығын, мезгілсіз аң ауламағандығын жазған. Бұдан бабаларымыз
ерте кезде-ақ келе-
шек ұрпақ үшін туған табиғаттың әсем жерлерін аялай білгенін байқаймыз.
Ал
Ұлттық парктердің
қорықтардан айырмашылығы бар. Ұлттық парктер-
де өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен қа-
тар, адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыратын,
туризммен шұғылдануға
мүмкіндік жасайтын орындар бар.
Қазақстанда алғаш рет ұлттық парк Баянауыл таулы орман алқабында ұйым-
дастырылды. Мұнда 40-қа тарта аңдардың, 50-ден аса құстарың түрлері қорғалады.
Олардың көпшілігі «Қызыл кітапқа» енген.
Табиғат ескерткіштері
деп сирек, құрып бара жатқан, желдің,
судың әрекетінен
мүжіліп, бұзылып жатқан ғылыми, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат объ-
ектілерін айтады.
Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз.
Табиғат ескерткіштері дүниежүзінің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда қазір 24
табиғат ескерткіші бар. Олардың ішіндегі аса маңыздылырына «Жетісу маржаны»,
«Шың түрген» шыршасы, Павлодардағы «Жыл құстары» табиғат ескерткіштерін жат-
қызуға болады.
(Қазақ тілі:оқу құралы.)
1. Қорық, ұлттық парк, табиғат ескерткіштерінің өзіндік ерекшеліктерін атаңыз.
2. Дүниежүзіндегі ең үлкен қорық қайсы?
3. В.В.Бартольд қандай деректер келтіреді?
4. Қазақстандағы ұлттық парктер мен табиғат ескерткіштерін атаңыз. Олар
туралы қосымша ақпарат табыңыз.
5. Не себепті табиғат объектілері қорғауға алынады деп ойлайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: