Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет96/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Ауа-райын болжағыш емен. Шымыр емен ағашы қоңыржай белдеуде өседі. Қы-
тайда, Оңтүстік Кореяда, Жапония мен Индияда көптеп кездеседі. Оның жапыра-
ғының түсі ауа-райының өзгерісіне қарай құбылып тұратындықтан, «Ауа райынан 
мәлімет беретін ағаш» деп аталған. Бұл ағаштың ауа-райының өзгерісіне болған 
сезімталдығы жоғары. Бұл өзгеріс жапырағының құрамындағы хлорофилл мен анто-
цианин салыстырмасының өзгерісінен қалыптасқан, ұзақ уақытқа жалғасқан қуаң-
шылықтан соң, жауын таяғандығы тымырсық ыстықта хлорофилдің қосылысы ке-
дергіге жолығып, антоцианин құрамы артады да, жапырағы қызарса, осы өңірге екі 
күн ішінде нөсер жауатынын білдіреді. Күн ашыларда жапырақ жасыл түске өзгереді. 
Егіншілер осыған қарай өз шаруаларына жоспар жасайды екен (massaget.kz). 
1. Өз туған жеріңізде немесе тұратын жеріңізде ерекше ағаштар, таулар, та-
биғат құбылыстары бар ма? 
2. Түрлі ақпарат көздерін пайдаланып «Әлемде талай қызық бар...» тақы-
рыбында презентация дайындаңыздар. Презентация мазмұнында қамтылуы 
тиіс:

ерекше өсімдіктер мен жануарлар, таулар мен мен өзендер;

ерекше болуының себептері;

орналасқан аймағы;

халық танымындағы орны.
ЖАЗЫЛЫМ
Берілген ұғымдарға қатысты тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер жазыңыз 
және мағынасын түсіндіріңіз.
қасқыр
аю
ағаш
түлкі
қой
жылқы
гүл
22-БӨЛІМ
ҚЫЗЫЛ КІТАП. ҰЛТТЫҚ ҚОРЫҚТАР МЕН ПАРКТЕР
Ой бөлісейік
1. Елімізде экологиялық жағдайды жақсарту үшін қандай шаралар жасалып 
жатыр?
2. Төмендегі қорықтар мен саябақтардың еліміздің қай аймағында орналасқа-
нын білесіз бе?
Ақсу-Жабағылы Алматы Наурызым Барсакелмес Қорғалжын Марқакөл
Үстірт Батыс Алтай Алакөл Қаратау Баянауыл Іле Алатауы
Қарқаралы Алтынемел Көкшетау
3. Табиғатты қорғауға байланысты қандай құжаттар немесе заңдар жинағын 
білесіз?
4. Қызыл кітаптың түсі неге «қызыл» деп ойлайсыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет