Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет105/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

ОҚЫЛЫМ
Мәтінді мұқият оқыңыз.
«Жеті жастан жинасаң, жетеді, алты жастан жинасаң, асады» 
дейтін қазақ қыздың жасауы мен ұзатылардағы киім-кешегіне 
үлкен мән беріп, ерте бастан қамданған. Әсіресе қалыңмал-
дың құнын орап әкететін сәукеленің өзіндік мән-мағынасына 
бей-жай қарамайтын қазақ әдейілеп білікті шебер таңдап, қо-
лақысын беріп, бір әулеттің дәулетін көрсетер сәукелені айлап-
жылдап тіктірген. Қыз әкесі бай болса, бір сәукеле үшін қырық 
қысырақтың құнын беріп те жасататын болған. Мәшһүр Жүсіп 
Көпейұлының «ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген 
Кіші жүздің Байсақал атты бай қызының сәукелесін Кенесары 
ханның ағасы Саржан төре 500 байталға бағалаған» деген дерегі 
де бар. Осыдан-ақ бұрынғы заманда сәукеле байлық пен мыр-
залықтың дәрежесін әйгілейтін, ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайын білдіретін 
көріністің айғағы болғанын аңғара аламыз. Сәукеле неғұрлым биік болған сайын, 
ондағы әшекей бағалы тастардың да қатары артып, қымбаттай түсері анық. Бұрын 
әдемі тігілген сәукелеге қалың малдан бөлек төлем төленген екен.
Ертеде сәукеленің биіктігі – 50-70 сантиметрге дейін баратын. Тарих беттері-
не көз жүгіртсек, Бөкей Ордасы аймағындағы сәукеленің биіктігі бір кез болатын де-
ген мәліметті кездестіреміз. Демек, бай-бағланның тіктірген сәукелесі 70 сантиметр-
ден де асқан.
«Сәукеле» сөзі «сау келеді» дегеннен шыққан екен. Жоғарыда сәукеленің қалай 
жасалатынын және оның құны қандай қомақты болатынын айтып өттік. Ендеше 
ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайынан хабар беріп, бір әулеттің дәулетін көрсе-
тер сәукеледен дәмелілер де аз болмаған. Қалыңмалдың құнын орап әкететін бұл 
«байлықты» қолға түсіру үшін ұры-қары, қарақшылар жол торып, келін әкеле жат-
қан топқа тосыннан шабуыл жасайтын. Тек сәукеле емес, қыздың жасауына да қол 
салып, кейде кісі өлімі де болған деседі. Күйеу, һәм қалыңдық тобының адамдарын 
шығындап, кейде бәрін қырып кететін кездер де болған екен. Сондықтан келін 
түсіріп отырған ауылдың балалары осынау күйеу-келін тобын қозыкөш жерден тай-
мен күтіп алып, адамдардың, сәукеленің амандығын көріп, «сау келеді, сау келеді» 
десіп, сүйіншілеп, ауылға хабар беретін болған. Міне, содан сәукеле атауы шыққан 
деседі.


118
119
 Сәукеле –
тек сәндік үшін киілетін бас киім емес, бұлғақтап өскен оң жақтағы 
өмір мен ақ босаға аттар арасындағы қимас та, қызықты сәттің ескерткіші, жаңа 
өмірге жасалар қадам. 
Өмірінде бір-ақ рет киілетін сәукеленің әйел заты үшін киімдері ішіндегі ең асылы 
ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті екені 
түсінікті. Сондықтан қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бөлек. Ол – ерекше бір 
салтанат. Бұған құда-құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. 
Сәукелелі келіншек ажарлы да, базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. 
Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы 
болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет