Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж


(Қазақ тілі. Ортадан жоғары деңгей)



Pdf көрінісі
бет102/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

(Қазақ тілі. Ортадан жоғары деңгей)
1. Төмендегі ақшалай көрсеткіштер нені білдіретінін және қай елдерге тиесілі 
екенін табыңыз.
Нені білдіреді
Қай елге тиесілі
1 млрд доллар
100 млн евро
5,5 млн евро
90 евро
100 доллар
50 евро
6 доллар
2. Қазақстанда қоршаған ортаны ластауға байланысты неге тыйым салынғанын
неге тыйым салынбағанын білесіз бе? Білмесеңіздер, ғаламтордан іздеп, естеріңізде 
сақтап алыңыздар.
ТЫҢДАЛЫМ
Өлеңді мұқият тыңдаңыздар.
Арал
Ей, табиғат – құпия, арман-ғалам!
Құпияңа сан ғасыр таңданды адам,
Шағалалы шалқары жанды арбаған,


114
115
Татқан тайдай балығын тарлан бабам,
Жағалауын тербеткен самал майда,
Аппақ айдын баяғы Арал қайда?!
Арал қайда?
Тағдыры жұтпа сордың
Жылымына шым батқан адамдай ма?
Тасқын қайда жататын жасқанып маң,
Жал толқынның түрінен тас жабыққан?
Жағалауда ызың-шу, қиқу өмір,
Жылжи алмай қайықтар жас балықтан.
Балықшылар ер тұлға,
Бейне судың астындағы келгендей патшалықтан ...
Көзден ұшып баяғы самал, бақ та,
Ақ бөкендер қаталап қарар қаққа,
Қамыс сиреп, қабандар қаза тапты,
Құсқа да енді қоныс жоқ Арал жақта.
Ақылы сорына айналған ғасырда
Тек бұл қасірет келмегей адамзатқа!
(Ф.Оңғарсынова «Толық шығармалар жинағы, І-том)
Өлеңді мәтінге айналдырыңыздар. Өзектілігіне назар аударыңыздар.
«Ашық микрофон»
 ойыны арқылы Арал тағдырына қатысты өз ойларыңыз-
ды білдіріңіздер. 
Біле жүріңіз!
Қоқыс түрлерінің табиғатта шіру мерзімдері:
o Қағаз – 1 ай
o Жүннен жасалған бұйымдар – 1 жыл
o Ағаш бұйымдары – 4 жыл
o Бір рет пайдалануға арналған қағаз ыдыс – 5 жыл
o Сырланған тақтай – 13 жыл
o Қаңылтыр құты – 100 жыл
o Пластик құты – 500 жыл
o Шыны шөлмек – ешқашан
– Жыл сайын әлемдегі әрбір қала тұрғыны 250-300 келі қатты тұрмыстық қал-
дықтар «өндіреді» екен. Енді осы санды жер бетін мекендейтін 7 миллиард адамға 
көбейтіп көріңіз. Қайран жер, қалай шыдап тұр десеңізші!
– Сарапшылар дерегі бойынша жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік 
қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті 
улы заттар көрінеді.
– Қазақстандағы тұрмыстық қалдық пен күл-қоқыстың 97 пайызы далаға төгіледі. 
Тек 3 пайызы ғана өртеледі. Ал Германияда қоқыстың 30 пайызы, Жапонияда 30 па-
йызы, АҚШ-та 27 пайызы, Швейцарияда 25 пайызы қайта өңделеді.
(Қазақ тілі. Ортадан жоғары деңгей)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет