Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет101/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

23-БӨЛІМ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ. ҰЛТТЫҚ ЭКОМӘДЕНИЕТ
Ой бөлісейік
1. Төмендегі тірек сөздерге назар аударыңыз. Олардың әрбірін өмірмен байла-
ныстырып түсіндіріп көріңіз.
экологиялық апат, таза ауа, қоршаған ортаға кері әсерін тигізу, ауаның 
ластануы, денсаулығы мықты ұрпақ, сенбілікке шығу, химиялық қалдық, 
күл-қоқыс, қоқысты қайта өңдеу, улы газдар, ағаш отырғызу
2. Экологиялық мәдениет ұғымын қалай түсінесіз?
3. Қоқысты үнемі қоқыс жәшігіне тастайсыз ба? Жолға қоқыс тастаған адамға 
ескерту жасап көрдіңіз бе? Суреттерде берілген қоршаған ортаға байланысты шарт-
ты тыйымдарды білесіз бе?
4. Өзіңіз тұратын ауланы тазалау жұмыстарына шығасыз ба? Шықсаңыз 
қандай сезіммен шығасыз?
5. Қазақ танымындағы ұлттық экомәдениетті қалыптастыратын 
«Бір тал 
кессең, он тал ек!», аққуды атпа, көкті жұлма, суға түкірме, құмырсқаның 
илеуін бұзба, құстың ұясын бұзба
 сияқты сөздерінің мәнісін ашыңыз.
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Пекинде көшеде түкіру, ұсақ—түйек қоқыс үшін 6 доллар айыппұл немесе 
әкімшілік жаза алуға тура келеді. Олар басқа адамдардың көзінше түкіруді жұрт-
шылықты құрметтеушілік деп санайды, сондықтан Қытай астанасының басшылы-
ғы 2006 жылдың көктемінен бастап көшеде түкіру проблемасын шешумен айна-
лыса бастады.
Сингапурде сағыз шайнамақ түгілі, оны сақтауға, бір-біріне таратуға болмай-
ды. Ол есірткімен теңестірілген, сол себепті бұл үшін үлкен айыппұл – 1000 доллар 
салынады. Тасталған қоқыс үшін 500-ден 1000 долларға дейін, далада тамақтану 
– 1000 доллар, түкіру – 1000 доллар айыппұл салынады.
Малайзияда асфальтқа тасталған сағыз үшін 1 ай қоғамдық жұмыс немесе 
500 доллар көлемінде айыппұл салынады. Тайландта болса, осы әрекет үшін 600 
доллар, ал Голландияның Гаага қаласында – 95 евро, Ұлыбританияда – 90 евро 
төленеді.
Прагада тиісті емес жерде сағыз бен басқа қоқыс тасталса 2 доллар көлемінде 
айыппұл салынады. Араб елдері де тазалық үшін күреседі, сондықтан әбу-Дабиде 
(БАӘ) көшеде тасталған сағыз үшін – 137 доллар, көшеде түкіру үшін – 27 доллар 
айыппұл төленеді.
Итальяндық зерттеушілердің есептеуінше, күнделікті Римде сәулет және өнер 
ескерткіштері аумағына келушілер 15 мың сағыз тастайды екен. Оларды тазалау 
үшін жыл сайын 5,5 млн евро бөлінеді, сондықтан қала әкімшілігі сағызды арна-
йы қоқыс салатын сауытқа салмайтындармен күрес жүргізуге шешім қабылдады. 
тәртіп бұзушылық орнында ұсталғандар 50 евро көлемінде айыппұл төлейді, я 
болмаса тиісті әкімшілік жауапқа тартылады.
Британ билігі жыл сайын қала көшелерін сағыздан тазалау үшін 1 млрд доллар 
жұмсайды. Айтпақшы, бұл сома елдегі сатылатын барлық сағыздар құнынан екі 
есе көп.
2009 жылдың басында Бельгияның француз тілді аймағы – Валлонияда қорша-
ған ортаны ластағандары үшін қатаң айыппұл жүйесі іске қосылды. Жерге тастал-
ған темекі тұқылы, қаңылтыр банка, сағыз және қағаз үшін айыппұл сомасы 50 ев-
роны құрады. Егер қоғамдық орында пластик бөтелке, қоқыс толған пакет жатса, 
айыппұл 150 евроға дейін өседі. Жыл сайын валлондық көшелерден 6 мың тонна 
қоқыс алынады, сол себепті аумақты тазалау, қоқыстарды шығару үшін аймақтық 
және коммуналдық басшылықтарға жалпы алғанда 100 млн евро жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет