Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет100/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

СӨЙЛЕСІМ
Мына сөйлемдерді өз ойыңызбен аяқтаңыз.
Кең байтақ даланы көргенімде ............................
Бүршік атқан талдарды көргенімде ................................
Жаңа шыққан көк шөпті көргенімде ......................................
Жайнаған гүлдерді көргенімде ....................................................
Жануарды көздеген аңшыны көргенімде .....................................
Бұтағы сынған ағашты көргенімде ...............................................
 Суы тартылған теңізді көргенімде ...................................................
Топтық жұмыс
1- Табиғатты қорғау жөніндегі маман болсаңыздар Қазақстанның тағы қан-
дай жерлерін қорғауға алар едіңіз? Ойыңызды дәлелдеу үшін сол жер туралы 
портфолио әзірлеңіздер.
2- «Табиғат бізге не үйретеді?»
тақырыбында төмендегі мәтін мазмұны 
төңірегінде пікір алмасыңыз. Қорытындылау мақсатында постер әзірлеңіздер.
Адам мен табиғат егіз
Адам мен табиғат егіз. Табиғаттың адамға берері мол. Тек соны түсіне білуің ке-
рек. Өзге адамдардан жақсы қасиеттерді үйренгеніңіз сияқты, табиғаттан да үйре-
нуіңізге болады.
Топырақтан үлгі алыңыз. Неге десеңіз, ол өте кішіпейіл және ол – бүкіл тіршілік 
атаулының қайнар бұлағы. Құлпырған гүл де, жайқалған орман да топырақтан өсіп 
шығады. Бірақ мынаны ұмытпаңыз: топыраққа не ексеңіз, сол шығады. Қалай бап-
тасаңыз, солай өседі.
Болсаңыз таудай болыңыз. Ең бірінші, таудан сабырлықты үйреніңіз. Тау орны-
нан тапжылмай тұрғанмен, оның іші қазынаға толы. Бүкіл байлық содан табылады. 
Сыртыңыз бүтін болып, ішіңіз қуыс болмасын. Жердің тепе-теңдігін сақтап тұрған 
– таулар. Сіз де адамзаттың тыныштығын сақтаңыз. Басында мәңгілік қар жататын 
таулар, бір жақтан, өмірден көргені мен түйгені мол, шашына ақ түскен кемеңгер 
қарияларға ұқсайды. Көргеніңіз бен білгеніңіз көп болса да, асып-таспаңыз. Сабыр 
етіңіз. Әлемдегі ауаны тазартатын да таулар. Сіз де адамзатты жаман қасиеттерден 
тазартыңыз. Оларға ақ жүрегіңізді, мөлдір махаббатыңызды сыйлаңыз. Бүкіл қайнар 
бұлақ таудан бастау алады. Сіз де бүкіл адамгершілік қасиеттердің қайнар бұлағы бо-
лыңыз! Мейірімге мұқтаж адамдарға қамқор болыңыз. Ұйытқып соққан желге тос-
қауыл болатын да таулар. Сіз де асып-тасқандарға, зұлымдыққа тосқауыл болыңыз. 
Ығыңызға келгендерге пана болыңыз, көмектесіңіз. Тау сияқты сырға бері болыңыз. 
Ешкімнің сырын паш етпеңіз.
Жаңбырдай мұқтаждарға жәрдем етіңіз. Құмырсқадай тынбай еңбек етіңіз. Бал 
арасындай адамдарға тәтті тіліңізбен бал сыйлаңызғ аққулардай сүйген адамыңызға 
адал болыңыз.
Ең маңыздысы, табиғаттан жомарттықты үйреніңіз. Табиғаттың адамға берген 
пайдасы шексіз. Бірақ сонысына ақы талап еткенін көрдіңіз бе? Кісіге жақсылық 
жасаңыз, бірақ ол жақсылығыңызды ешкімге міндет етпеңіз! Адам болыңыз! Адал 
болыңыз!
(Қазақ тілі. Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2009. – 91-б.)


112
113


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет