Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет108/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

ЖАЗЫЛЫМ
Өлеңді мұқият оқыңыз.
Түрін - ай текеметтің! Асыл қандай?
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
“Келе ғой, қошақаным, өзіме!” - деп,
Әжем кеп сипағандай шашыма жай.
Күйімді кешсеңдер - ау сол беттегі.
Тұрғандай ана – көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан - жағымнан,
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
Аңсаумен күнім өтті қанша менің,
Желбауда, басқұрда ма аңсау емім.
Әжемнің көзіндей бұл оюларды,
Таба алмай дала кезіп шаршап едім.
Елестеп көз алдымда сән шақтарым,
Келгендей құлағыма аңсатқан үн.
Түрінен текеметтің көріп тұрмын,
Әжемнің тарамысты саусақтарын... 
(Ф.Оңғарсынова)
Өлең жолдарынан ұлттық тұрмыстық бұйымдар мен ою атауларын теріп жа-
зып, сипаттама беріңіздер.


120
121
Ертегіні оқыңыз.
Ерте-ерте-ертеде бір әділ хан болыпты. Соның жарлығы бойынша қол астындағы 
елдің ою, өрнек, кесте, бастырма, тоқыма, оймыш, бәдіз, тігін, құйма өнерлерін мең-
гергені сонша, үйлерінің іші-сырты, киім-кешектері, жиһаздары мен бұйымдары, 
құрал-саймандары, қару- жарақтары түгелдей оюланған әрі өрнектелген әсем де 
көрікті екен. Және олар бір-бірімен ою тілінде де сөйлесе алатын болыпты. Сол се-
бептен бұл ел басқарушысы – Ою хан аталып кетіпті. Жылдардың бір жылында бөтен 
елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды орнынан алып, билікті өзі жүргізеді. Ол ескі салт, 
көне дәстүр, бұрынғы әдеп, ежелгі өнер, бұған дейінгі мәдениет белгілерінің бәрін 
жойып, жаңаша құрмақ болыпты. – Уа, хан-ием! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс 
жолмен кетіп бара жатырсыз, – деп жөн айтқанның бәрін, айтпақ болғанның да, 
тіпті ондай адамдармен сыбайлас екен дегендердің де көзін жоя беріпті. Сондықтан 
да оны халық Жою хан деп атапты. Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. 
Жолындағы аң атаулыны түгел қырып, еті мен терісіне қарық болмақ ниетпен ой-
ына алғанын істеп келе жатқанда, бір үкі мұның бетіне шапшиды. Бала жанталаса 
ажыратып үлгергенше, үкі оның екі көзін ойып жібереді. Ешнәрсе көре алмай келе 
жатып, бір жардың басынан құлап, көлге батып өледі. Бұл кезде Жою хан баласына 
іздеу салып жатқан еді. – “Кімде – кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын 
аламын”– деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды. Мұны естіген Ою хан 
баланы іздеуге өзінің баратынын хабарлайды. Ою хан жо-
лында кезіккен жаралы аң-құстың бәрін емдейді. Ең соңын-
да қанаты сынған үкіні дәрілеп: – Жою ханның баласын 
көрдің бе? – деп сұрайды. – Жою хан баласы жолында кезік-
кен сұртышқанды, арқарды, бұғыны, қодасты, жолбарысты 
жаралап, балықты құрғаққа тастап, бәрін қайта ай налып 
келіп сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. 
Өйткені ол жаралағанның бәрі Ою хан еккен орманның ең 
соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр, 
– дейді үкі. Болған жайдың шындығына көзі жеткен Ою хан 
үйіне оралып, оқиғаның желісін сырмақ бетіне түсіреді де, 
әлгі сырмақты Жою ханның алдына жайып тастайды... Жою 
хан сырмақтың оюына қарап ойланып ұзақ отырып, ондағы 
оқиғаны іштей былай тарқатады:
- “Балам биік-биік тауларды асып,
терең-терең суларды өтіп, 
қалың орманды аралап, 
Күндіз де, түнде де талмай жүрген екен
Жүрген жолында ол ұшқан құстармен беттесіпті, 
бұғымен де кездесіпті, 
Тау тағысы арқар да жолығыпты. 
Алдынан қодас шыққан көрінеді. 
Жорғалаған тышқандар да қарсы келгенге ұқсайды. 
Сорлы балам жолбарыспен де арпалысыпты... 
Балықа да ұшырасыпты... 
Айдын көлге де түсіпті... 
Қайран ұлым, алып күштің иесі екендігіңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұш-
пандарыңа неге көрсетпедің?! Тірімісің, өлімісің? Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң 
екіге бөлінді – жаны рухқа, тәні әруаққа айналды деп тұр ма?...” Кенет Жою хан ор-
нынан атып тұрып: – О, жалған! Менің жалғыз ұлымның шынымен өлгені ме? Өлті-
рем!!! – деп қылышын суырып алып, Ою ханға төнеді. Сонда Ою хан: – Дат, тақсыр! 
Сенің:“Кім де кім баламның өлімін естіртсе, соның басын аламын деген жарлығың 
бар емес пе еді, ”– дейді. – Иә, бар! – дейді қаһарлы хан. – Ендеше, балаңның өлгенін 
мен де, мына халық та сенің өз аузыңнан естіп тұрмыз, “Ханның екі айтқаны – өл-
гені”. Алынса, сенің басың алынуы керек, – дейді Ою хан саспай. Бүкіл халық оны 
қолпаштай жөнеледі. Сөйтіп, Жою ханның өз жарлығы өзінің басын алуға себепкер 
болыпты.
1. Ертегідегі Ою хан мен Жою ханның әрекеттеріне баға беріңіздер.
2. Ою-өрнек түрлерін пайдаланып, ертегі жазыңыздар.


123
122


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет