2. Суретке ат қойыңыздар.
132
133
27-БӨЛІМ
ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ. ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІ.
Ой бөлісейік
«Туризм» дегенді қалай түсінесіз?
Туризм индустриясының қандай түрлерін білесіздер?
Қонақ үйлер қалай пайда болды? Қонақ үйдің қандай түрлерін білесіз?
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Қазақстан экологиялық туризмнен бастап iскерлік туризмге дейін
туризмнің
барлық түрлерiнің дамуы үшiн елеулi әлеуетке ие. Бұған халқымыздың бай тарихы
мен еліміздің аумағында сақталып қалған тарихи ескерткiштер мен археологиялық
орындардың жиыны үлкен мүмкiндiк туғызады. Қазақстанда бүгiнгi күні туризмнің
келесi түрлерi жетiліп келеді:
Мәдени-танымдық туризм
Археология, тарих және сәулет ескерткіштерінің көлемі бойынша Қазақстан
нағыз «ашық аспан астындағы мұражай» болып саналады.
Туристер Ұлы Жібек
жолы бойындағы көне қалаларға барып, қола дәуіріндегі Тамғалы петроглифта-
рын немесе әйгілі Маңғыстау қорымдарын көре алады.
Экологиялық туризм
Іс жүзінде табиғаты бүлінбеген түрде сақталған аумақтың саны мен әр түрлілігі
Қазақстанды экологиялық туризм әуесқойлары үшін
ерекше қызықтыратын бо-
лады. Қазақстан аумағында 12 ұлттық табиғи парк және 10 қорық бар.
Спорттық туризм
Қазақстан келесідей бағыттар бойынша спорттық туризм үшін керемет жағ-
дайлар ұсынады:
тау шаңғы туризмі, альпинизм, су туризмі,
ат туризмі, велоту-
ризм және тағы басқалары.
Достарыңызбен бөлісу: