Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет115/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Күйзелістен арыламыз. Өзіңіз ойлап көріңізші, орман ішінде қыдырып, таза ауа-
мен демалып, айналаңыздағы әсем суреттерге көз салу қандай керемет?! Үйдегі май-
да-шүйде, бітпейтін тірлікті ұмытып, сергіп қаламыз. Демалыс күндері отбасымен 
шығуға болады. Ат жалын тартып мінуді білетін әке-шешеміздің оны оңай үйреніп 
алатыны анық. Сыр шертісіп, көңілді суретке де түсеміз.
Жүрек пен қантамырлардың жұмысы реттеледі. Бастапқыда жүрегіңізге аздап 
күш түсіресіз де, артынша оған оттегінің көмегімен демалуға мүмкіндік бересіз. Жү-
ректің бұлшық еті жаттығып, шыдамды бола түсесіз. Алайда, асыра сілтеп жібермеңіз.
Ағзамыздағы зат алмасу процесі жылдам жүреді. Ауа арқылы жұғатын аурулар-
дан сақ боламыз. Өкпеміз ашылады.
Аяқты шынықтырып, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Егер жүгіруге 
қиналсаңыз, оны велосипедпен алмастырыңыз. Аяғыңыздың бұлшық еттері қатая-
ды. Мұнымен қатар, теріңіздегі жаралар жазылады.
Варикоз дертін емдейді. Велосипедтің үзеңгісін айналдырған сайын қатып қал-
ған қан тарайды.
Көздің көру қабілетін жақсарады. Компьютер алдында көп уақыт отыратын-
дықтан, көз тез шаршайды. Алысқа қарау мүмкіндігінен айырыламыз. Ал велосипед 
тебу барысында алыс аймақты да бақылайтындықтан, көзіміздің бұлшық еттері де-
малады. Егер велосипедті енді ғана үйренген болсаңыз, 20-25 минуттан бастаңыз. 
Күн сайын 10 минут қосып отырыңыз. Айдау барысында буындарыңыздың немесе 
бұлшық еттеріңіздің ауырғанын байқасаңыз, шынығуды біраз уақытқа тоқтата тұ-
рыңыз. Ағзаңызға үйренуге мүмкіндік беріп, артынша қайтадан жалғастырыңыз. Ве-
лосипедті тамақ іше салысымен айдамауға кеңес береміз. Өзіңізбен бірге минералды 
су ала шығуды ұмыт
 
«Ұлан» газеті, №43, 24.10.2017
 
ЖАЗЫЛЫМ
1. Төменде суретте берілген белгілердің беретін мағынасы қандай және қай топ-
қа жатады? Әр топтың астына белігілерді жазып шығыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет