130
131
Сөйлесім
Илон Рив Маск –
канада-амеркикалық кәсіпкер, инженер, өнертапқыш, инно-
вациялық жобаларды инвестициялайтын бизнес-магнат.
SpaceX, Tesla Motors компаниясының негізін құрушы, басшысы, SolarCity, PayPal
тең құрылтайшысы баламалы энергетикаға қатысты
жаңа технологиялар жасау-
ға, экологиялық таза электромобильдерді, үнемді күн сәулелік электр станциясын
құрастыруға қатысқан. Ол адам қабілетінен тыс деңгейдені
OpenAI жасанды инт-
телект жасау, Hyperloop концептуалды жоғары жылдамдықты тасымалдау жүйесі,
Марсқа саяхаттай алатын әуе кемесін жобалау мәселелерімен айналысқан.
Еуропа елдері, Қытай мен Жапонияда велосипед басты көлік саналады. Токиода
да велосипедпен жүру кең тараған. Жапон халқының әдемі жейде киіп,
қолына
папка ұстап, велосипедпен жұмысқа асыққан қызметкерлерге көзі үйреніп қал-
ған. Бұл халыққа деген құрмет әрі қоршаған ортаға деген жанашырлықтың белгісі.
Бұл елде велосипедтер арнайы орынға тіркеліп, жеке нөмір мен иесінің аты-жөні
жазылады екен. Әлемде мұны негізгі көлік санайтын елдер өте көп.
Германияда
мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа велосипедпен келеді. Қарапайым халық үшін
көлікті тіркеуге қою аса маңызды емес. Өйткені, өзгенің затын рұқсатсыз алу жоқ.
Сіз білесіз бе?
Илон Масктың Марсты бағындыруды армандайтындығы туралы естіген болар-
сыздар. Ол туралы пікірлеріңіз қандай?
Біле жүріңіз!
Велосипедтің пайдасы
Екі аяқты көліктің денсаулығымызға тигізер пайдасы көп. Біріншіден, бұл – жал-
ғыз экологиялық таза әрі қолжетімді көлік.
Екіншіден, денеге ауыртпалықты аз
түсіреді, салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі. Қазіргі таңда көп уақытты
компьютердің алдында, кеңседе өткіземіз және таза ауаға сирек шығамыз. Осының
салдарынан
бойымызға артық салмақ жиып, әлсірейміз. Көңіл-күйіміз түседі. Жат-
тығу залына баруға уақытымыз немесе ақшамыз жоқ. Алайда, уайымдамаңыз. Жат-
тығу залын велосипедпен алмастыра аласыз. Біз мұның 6 пайдасын тізбелеп көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: