Сабақтың тақырыбы: §35. Канада. Орталық Америка елдері. Қысым. Сабақтың мақсаты



Дата05.06.2017
өлшемі82,62 Kb.
#18169
түріСабақ
Күні: 22.01.13ж

Сыныбы: 7 сынып

Пәні: география – физика

Мұғалімдер: Қарғабаева Л.Б, Габдуллина Э.М
Сабақтың тақырыбы: §35. Канада. Орталық Америка елдері. Қысым.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік. Канада мемлекеті, географиялық орны, табиғат жағдайлары туралы түсінік қалыптастыру

Ә) Дамытушылық. Торнадо, Тайфун, Ураган желдерінің қысым күшінің әсерінен болатынын жете түсіндіре отырып, практикалық жұмыс арқылы оқушының ой өрісін дамыту.

Б) Тәрбиелік. Кескін картамен жұмыс жасауға баулу,еліміздің табиғат жағдайларымен салыстыра отырып, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әдістері, сұрақ – жауап

Сабақтың түрі: бинарлы сабақ

Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзі картасы, Солтүстік Америка және Канада картасы, қар, тау суреті, интербелсенді тақта, практикалық жұмыс құралдары.

Пәнаралық байланысы: экология, биология, математика.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі (1- 2 минут)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)



География пәнінің мұғалімі:

«Ой қозғау»

Солтүстік Америка халқының саны

Материктің байырғы халқы

Халықтың көп бөлігі қайдан келгендер?

Материктегі ең ірі мемлекеттер

АҚШ астанасы.

АҚШ – тың жер көлемі.
К л и м а т

А қ ш

Ү н д і с



А ф р и к а

Т о р н а д о

М и ч и г а н

Балалар, қандай сөзді көріп тұрсыздар?



І. Қызығушылықты ояту.

К А Н А Д А

(балалар бұл сөзді естігенде ойларыңызға не келеді?)

Жоспары:


  1. Канада мемлекеті

  2. Географиялық орны

  3. Халқы

  4. Табиғат жағдайлары

  5. Қысым

  6. Табиғаттағы қысым

  7. Климаты

  8. Пайдалы қазбалары

  9. Қорытынды

/Канаданың картасы/



ІІ. Мағынаны тану

Канада дүние жүзіндегі жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейінгі екінші орын алады. Жер көлемі 9 млн 970 мың км. Астанасы – Оттава қаласы.

(оқушылар ЖИГСО әдісі бойынша топқа бөлініп оқиды, тақырыпты талдайды)

Орталық Америка елдері: Мексика, Гватемала, Белиз, Гондурас, Панама, Никарагуа, Сальвадор, Коста – Рика.


Табиғат жағдайлары.

Торнадо


Тайфун

Ураган


/ сипаттама беріледі/

Ия балалар, бұл желдер зор қыыммен температура арасындағы айырмашылық әсерінен туындаған ауа райының құбылуы екені белгілі. Бұл жерда басты роль атқаратын қысым күші екені белгілі.

Сіздер қысым деген сөзді естідіңіздер ме?

Ендеше толығырақ танысу үшін....



Физика пәні мұғалімі:

Қысым – белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.



Р – қысым; F – бетке перпендикуляр бағытта түсіретін күш немесе қысым күші; S – күш түсетін беттің ауданы



Бір паскаль - 1Н күштің ауданға түсіретін қысымы:

1Па=1Н/м2

гПа = 100 Па

кПа = 1000Па

МПа – 1000 000Па

Есеп шығару мысалы:

Мысал: Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әрекет етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003см2 болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?

Шешуі:

Берілгені: F=0,27H 0,0003см2=3*10-8м2

S=0,0003см2 р=0,27Н/3*10 -8м2=

т/к: р=? =9*106Па= 9МПа

Жауабы: 9МПа.

15 – жаттығу: №1-2 есеп



Практикалық жұмыс.

Қысым – күнделікті тірлікте. (91 сурет бойынша тәжірибе көрсету).



География пәнінің мұғалімі:
Балалар, алдарыңыздағы қар Жер бетінен басқа қай жерде болады? (балалар жауабы)

Канада мемлекеті мәңгі қар мұздықтары мен ерекшеленеді.

Қосымша мәліметтер

Ірі қалалары:

Торонто (4483мың)

Монреаль (3320 мың)

Ванкувер ( 1603 мың)

Оттава (1057 мың)

Калгари (754 мың)

Виннипег(652 мың)

Гамильтон(600 мың)


ІІІ. Ой толғаныс.

«Тайфун сұрапылы кезіндегі Канадаға сапарым»

Бекіту сұрақтары.

Канада жер көлемінен 2 орында (Ресейден кейін)

Жерінің ауданы (9 млн 970 мың км кв.)

Астанасы (Оттава қаласы)

Байырғы халқы (эскимостар)

Неше ұлттық парк жұмыс істейді? (31)

Орталық Америка елдері (Мексика, Куба т.б)

Физика пәнінің мұғалімі:

Тест сұрақтары:

1. Қысымның формуласы?

А) P=F*S B) P=S/F C) P=F/S

2.Қысымның өлшем бірлігі?

А) Па; Б) Н; С) кг.

3. Розеткаларға 37,5 кН күшпен әсер ете отырып арнаулы кеспелтектермен буады. Розетканың ауданы 0,0075м2. Розеткаға қандай қысымы түседі?

А) 5кПа; Б) 5МПа; С) 5гПа.

4. Шаңғыдағы адамның, шаңғысыз адам сияқты қарға батпайтындығын қалай түсіндіруге болады?

А) Үлкен аудандағы тірек беріктігі артады; Б) Күштің әсері оның түсірілетін ауданына тәуелді;

С) Қалың қардың шаңғышыны батырмайтын мүмкіндігі бар.



ББҮ стратегиясы


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім











Бағалау

Үйге тапсырма: §35 оқу

Кескін картамен жұмыс

“Канаданың көрікті жерлері” хабарлама

§33 оқу


Есептер шығару

Қысым заңдылыққа сүйенеді”



Қорытынды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет