Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет110/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Мақалдың сыңарын табыңыз.
Киім жағасымен
өз басыңа күтім болғаны.
Адам көркі
ақылына қарап шығарып салады.
Киімің бүтін болса
жарасады.
Киім пішсең кең піш
киім болмайды.
Киіміне қарап қарсы алады
шүберек.
Қаңтарда қалпақ
тарылтуың оңай
25-БӨЛІМ
СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ӨНЕРІ. КӨНЕ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ 
ЕСКЕРТКІШТЕР
Ой бөлісейік
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Қазақстанның жеті кереметі
Әрбір халық өз жерінде пайда болған адам-
зат мәдениетінің асыл да бағалы құндылықта-
рына жататын ескерткіштерді түгендеп, ардақ-
тауы тиіс. Жоғарыда аталған кереметтерден 
еш кем түспейтін қазақ жерінің де жеті кере-
меті бар. Олар: Таңбалы тас суреттері, домбы-
ра, киіз үй, «Алтын адам», Маңғыстау жер асты 
мешіттері, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Аста-
на-Бәйтерек кешені. 
Енді осыларға қысқаша тоқталып өтсек.
Таңбалы тас суреттері – дәуірінен бастап орта ғасырға 
дейінгі аралықта қазақ жерін мекендеген қауымдардың 
барша таным-түсінігінен хабар беретін аса көрнекті архео-
логиялық ескерткіш. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, 
анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер 
жиынтығы саналады.
Алтын адам – әлемге әйгілі сақ тайпалары өмір сүрген 
кезең мен олардың әдет-ғұрыптары, мәдениетін көрсе-
тетін тарихи мұра. Есік қорғанынан табылған олжа бүгін-
де әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де 
негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да 
қазақтың жеті кереметіне енді.
Домбыра – «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» бекер 
айтылмаса керек. Қазақ өнеріндегі асыл мұраларымыздың бірі және 
бірегейі. Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қа-
рияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. 
Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың та-
рихнамасына айналады.
Киіз үй – қазақ тарихындағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. 
Маңғыстау жер асты мешіттері – Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау 
ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына 
қашалған тарихи-сәулет ескерткіші.
Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – Түркістан қаласында орналасқан 
шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. 
Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды.
О л а р -


124
125
ды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері 
жетелейді.
Астана-Бәйтерек кешені – Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Ас-
тана қаласында орналасқан заманауи монумент.
1. Қазақстанның жеті кереметінің қатарына сіз тағы нені қосар едіңіз?
2. Қазақстанның жеті кереметінің ішіндегі сәулет ескерткіштеріне сипаттама 
беріңіз.
3. «Туған жерімнің жеті кереметі» тақырыбында презентация дайындаңыз.
4. Мәтінді басшылыққа ала отырып, кестені толтырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет