Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет112/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Қазақстандағы көлік тасымалы туралы не айтасыз?
2. Сіз жалпы қай көлікті қауіпсіз деп есептейсіз?
Алматы трамвайының тарихы
Алматыда трамвай 1937 жылы желтоқсанның 1-інен бастап жүйелі түрде жүре 
бастады. Бірақ қарашадағы мерекелерге орай ең алғашқы трамвайды сынақтан 
өткізу үшін жолға шығару ұйғарылды. Трамвайдың қалай іске қосылғаны туралы 
қала газеттерінің бәрі жазды.
«Социалистическая Алма-Ата» газетіндегі Н.Вершининнің «Құрыш магистраль» 
мақаласынан үзінді келтірейік: «Қарашаның 7-сі күні таңертең қала көшелеріне 
шыққан Алматы тұрғындары Октябрь көшесі (қазіргі Әйтеке би) мен қосалқы стан-
ция ғимараты жанында тұрған трамвай вагондарын көрді. Қарашаның 7-сі күнгі 


128
129
мерекелік шеруден кейін трамвай вагондарының жанына жүздеген адам жиналды. 
Трамваймен жүргісі келетіндер қарасы көп болды. Алматы трамвайлары халыққа үш 
күн бойы тегін қызмет көрсетіп, 15 мың жолаушы тасыды. Бұл қалалық темір жолды 
алғашқы сынақтан өткізген күндер болды. Трамвайды толық эксплоатацияға (сол 
заманның орфографиялық нормасы. — авт.) өткізуге дейін трамвай вагондарымен 
қаланы аралау уақытша тоқтатылды. Құрылысшылар желтоқсанның 1-і мен 5-іне 
дейін әлі көп шаруа тындыруы тиіс».
https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-tram/27367952.html
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Сіздің ойыңызша трамвай қандай көлік? Бізге қажет пе?
2. Алматыда не себепті трамвайлар алынып тасталды?
3. Басқа елдердің қандай көліктерін білесіз?
Топтық жұмыс
«Әлемдегі қызықты көліктер» тақырыбына конференция ұйымдастырыңыздар.
Қызықты дерек!
«Жүрекжұтқандар» жолы
Норвегиядағы “Атлантикалық жол” Туристерге арнап 
салынған бірегей жол. Бұл жол Атлант мұхитындағы ұсақ 
аралдарға апарады екен. Көріп отырғаныңздай көлікпен 
кетіп бара жатып дауылды толқынға тап болуыңыз мүм-
кін. Сондықтан, көлік қауіпсіздік ережелерін толық сақтап 
отыруыңыз шарт дейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет