Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет234/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

бiрлiктi қызметтің 
орындалу формасы.
Бұл формада тәрбиешiлердің өз 
оқушыларымен араласа әрекетке келу шарттары, құрал-
жабдықтары мен тәсiлдерi бiр-бiрiне ауысып, ажыралмас бiр-
лiк, тұтастыққа түсiп жатады. Тәрбиелiк iстердің басты ерек-
шелiктерi - қажеттiлiгi, пайдалылығы, орындалу мүмкіндiгiнің 
болуы. Әрқандай тәрбие үдерісi үздiксiз өтiп жататын тәрбиелiк 
iстер тiзбегiнен құралады. 
Тәрбиелiк iстер негiзiнде екi мүдде көзге түседi – 
iс-
әрекеттiк 
және 
кешендiк
. Алғашқысының тәрбие алды-
на қоятын талабы – оқушылардың әрқилы iс-әрекеттерiн 
ұйымдастыру: танымдық, еңбектiк, қоғамдық, көркемөнерлiк, 
спорттық, құндылықты бағытталған еркiн қарым-қатынас түзу, 
ал екiншiсiнің алға тартатыны – барша iс-әрекет түрлерін табиғи 
бiрлiкке келтiре пайдалану. Тәрбиелiк iс бiр мезеттің өзiнде 
инабаттық, эстетикалық, еңбектiк, сана-сезiмдiк ықпалдардың 
бiрдей әсерiнде болады. 
Орындалатын нақты iс мiндеттерi басым келген тәрбие 
мақсаты (әдетте, бұл инабаттық тәрбиесi) анықтайды. 
Әрқандай iсте тәрбиенің жалпы бағытымен (ақыл-парасат, 
дене шынықтыру, еңбектiк және т.б.) сәйкес өзектi тұжырым 
ажыралады. Тәрбиелiк iс мiндеттерiнің мағынасын ұғу – оның 
тиiмдiлiгiнің басты шарты. Ол мiндеттер ептiлiкпен түсiнiмге 
келтiрiлiп, оқушылар санасына жеткiзiлуi қажет. Өз ой, 
көзқарасыңызды балаларға таңушы болмаңыз, қажеттi шешiм 
қабылдау керектiгiн балаларға ұқтырыңыз, шешiмдi балалар 
өз «еншiсi» деп сезiнетiн болсын. Тәрбиелiк iстің қас жауы 
– енжарлық. Оқушылар мiнез-құлығына жiтi назар салсаңыз, 
олардың өздерi-ақ ненi өзгерту керектiгiн жайып салады. 
Тәрбиелiк iстер ойсыз елiктеудi көтермейдi, оларға тән ере-
кшелiк – икемшiлдiк пен кең әрекет өрiстiлiгi. Сыныптардың, 
жеке балалардың бiр-бiрiне ұқсамастығын, қайталанбас 
өзгешелiктерiн молынша пайдалануға тырысыңыз. Қандай 


314
да iстi жобалай отырып, есіңiзде болсын – бiр сыныпта оңды 
iске асырылған тәжiрибе екiншi топта жарамды қайталануы 
неғайбыл. Жағдайға байланыстырылып, ретке келтiрiлмеген 
жоспар, жоба елiктеумен қолданылса, iстің нәтижесiз болары 
айтпаса да, түсiнiктi.
Тәрбиелiк iстердің көп түрлі болғаны жөн. Жарқын, тартым-
ды iстердi балалар есiнде ұзақ сақтайды, сондықтан бiр iстi 
көп мәрте қайталап, оқушыларды жалықтырудың қажетi жоқ, 
оның пайдасы шамалы. Тәрбиелiк iстер көңіл-күй көтерудің 
қуатты себепшiсi. Сезiм толғанысына түскен бала әрқандай 
ықпалды қабылдағыш келедi. Қай тәрбиелiк iсте болмасын
бала көңілiне жақын, оның жан әуенiмен үндес жәйттердi iрiк-
тей бiлу шарт. Сол арқылы баланың ұнамды мiнез бiтiстерiн 
дамытып, орнықты өмiрлiк бағдарын қалыптастырып, қоршаған 
болмыс шындығын дұрыс тануға баулу қажет. Бұл тәрбиелiк iс 
мәдениетiнің басты шарты. 
Тәрбиелiк iстi жоспарлауда педагог тәрбиеленушiлердің 
дайындық деңгейiн арқау етедi, олардың жас және даралық 
ерекшелiктерiн барынша ескередi. Күрделi, балаларға түсiнiксiз 
педагог бастамасы, ненің, не үшiн және нелiктен олай iстеу 
қажеттiгiн жөндi аңғармағандықтан, тәрбиелiк iс формальды 
шараға айналады.
Басты мақсаттары мен атқарар қызметтерiне орай 
тәрбиелiк iстер келесiдей бөлiнедi: этикалық, әлеуметтiк 
бағдарлы, эстетикалық, танымдық, спорттық-дене шынықтыру, 
экологиялық, еңбектiк ж.т.б. Әлбетте, мұндай ажыратуды 
шартты деп қарастырған жөн, себебi әрқандай тәрбиелiк iстің 
мақсаты кешенді, көп тарапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет