Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Гуманист-педагог ұстанатын ережелер



Pdf көрінісі
бет259/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Гуманист-педагог ұстанатын ережелер
Тұлғалық бағытта тәрбиелеудің 
арнайы
әдістерi, ұйымдасу 
формалары бар ма? Әрине, жоқ. Гуманист-тәрбиешi бұрыннан 
қалыптасқан, өзiмiзге белгiлi дәстүрлi педагогика тұжырымдарын 
пайдаланады. Бiрақ олардың бәрi жаңарған тәрбие мақсаттары 
мен міндеттерiне орайластырылып, өзгерiске келтiрiледi, қайта 
түзеледi. Бастысы – тәрбие үдерiсiнің әдістерi мен формалары 
жаңа 
бағыт-бағдарға
сәйкестендiрiледi. Мысалы, тәрбиенің 
жалпы әдісi - сендiру мен дағдыландыру. Бұл әдістердi педа-
гогтар өз көзқарасына сай әртүрлі қолданымға салады. Қатар 
басқарым тараптарлары - әмiршiл педагогтар сендiрудi тiкелей 
күштеумен қолданады, олар үшiн қойылатын талаптың анық та 
бұлжымас болуы басты шарт. Ал гуманистiк педагогикада сол 
сендiру тәрбиеленушi ерекшелiктерi мен жағдайды сезiнуден 
бiршама жұмсарта қолданылады, яғни жақсы формаға кел-
тiрiледi. Бала ниеттерi, қажеттерi мен қызығуларын қамтамасыз 
етуге бағдарланады.
Тәрбиенің ұйымдасу формалары да бағыт-бағдар 
таңдауына байланысты келедi. Сондай формалардың 


349
жалпыланған түрі – 
тәрбиелiк iстер
. Ал ол iстердің қатал 
басқарым тараптарларының формалды науқандық шаралары-
на айналып кетуi не тәрбиешi араласқан балалардың қызықты 
да тартымды мерекелiк ойын-сабақ сипатын алуы оқу-тәрбие 
бағыт-бағдары мен ұйымдасу жолына тәуелдi. Сонымен, 
дәстүрлi тәрбие мен тұлғалық тәрбие, негiзiнен, сол байырғы 
формаларға сүйенгенiмен, өзара ажыралып тұрады: тұлғалық 
бағыттағы тәрбие iштей еркiн, өзiн және басқаларды құрмет 
тұтатын, белсендi адам қалыптастыруға бағышталады. Осы-
дан әдістер мен формалар көздеген мақсатқа мүмкіндiгiнше 
тез жеткiзетiндей бағытта таңдалып, iрiктеледi.
Тәрбие әдістерi мен формаларын гуманистiк арнаға келтiру 
үшiн әрбiр тәрбиешi тұлғалық бағыттағы педагогика тәжiрибесi 
жинақтаған келесiдей ережелердi ұстанғаны жөн: 
– гуманистiк тәрбие бағытына қайшы келетiн дәстүрлi 
әдіс, форма құрал-шараларын ұдайы жаңарған талаптарға 
сәйкес реттеп, өзгерте қолдануымыз қажет. Себебi олардың 
бәрi педагогикалық құндылық болғанымен, басқа әлеуметтiк-
экономикалық жағдайларда қалыптасқан;
– тұлға болмысын аяқ асты етiп, оның намысына нұқсан 
келтiретiн жазалау әдістерiнен түбегейлi арылу;
– тәрбиеленушi денсаулығы мен психикасына зиян келтiр-
мейтiн оқу-тәрбие әдістерi мен формаларын ғана таңдау;
– оқушылардың өз мiндеттерiн адал орындауға болған 
ұмтылысын қолдап-қуаттау;
– тәрбиеленушiнің келеңсiз қылықтарын принципиалды да 
қатал талдап, оған мұндай әрекеттердің орынсыз екенiн тiлек-
тестiк және шыдамдылықпен түсiндiру;
– тәрбиеленушiге жiберген қателiктерiн аңдауға көмектесiп, 
жұмысында орын алған олқылықтарды шыдаммен дәйiктi 
ұғындыру;
– баланың көңіл-күй қалпының жайлы болуын қамтамасыз 
ету;
– оқушыда ұнамды өзiндiк бағалау, өзіне деген сенiм мен 
жеке басының қадiрiн сезу қабiлетiн қалыптастыру;
– талаптарды үздiксiз бiртiндеп күрделендiрiп отыру, жетiс-
кен нәтижелердi бекiту;


350
– қажеттi бағытта тұлға әрекеттерiнің белсендiлiгiн көтеруге 
ат салысу;
– баланы сүйе де құрметпен қабылдай отырып, тәртiп та-
лап етудi ұмытпау;
– бала толғаныстары мен қызығуларына баса көктеп ара-
ласпай, әдептiлiкпен әрi үйлесiмдi жөн-жосақ берiп бару;
– өз кемшiлiктерің мен жетiстiктеріңдi пайымдай бiлiп, 
басқа тәрбиесiнде ұнамды болған басылымдықтарды ғана пай-
далану. Балаға үлгi-өрнек екеніңiздi ұмытпай, әр қадамыңызды 
қадағалап барыңыз;
– тәрбие үдерiсiнің әр сәтi қалай жүріп жатқанын бiлiп бару 
үшiн өз шәкiрттеріңдi қырағылықпен бақыла;
– өз шәкiртіңнің әрқандай табысына қуана бiл;
– балаға өз болмысын тiктеп, танытуға мүмкіндiк бер;
– балаға қандай талап қоятыныңда және одан не күтеріңдi 
үздiксiз ескерiп отыр;
– тәрбиеленушi қалпы мен көңіл-күйiн ескерiп бар. Зауқы 
болмаса, көңілiн көтерудің жолын iзде. Шектен тыс шашылып 
бара жатса, тиым сал;
– баланы үлкен зейiндiлiкпен тыңда. Сол мезеттегi 
жұмыстарыңды қоя тұрсаң да, зияны болмас;
– тәрбие үдерісін таңдалған ұзақты мұрат бағытынан 
шығармау;
– тәрбиеленушiмен әңгімелесуден ләззат алу;
– тәрбиеленушiмен оның қалауына сай әңгімелесу;
– гуманистiк тәрбие бағытын бала өсiп жатқан отбасыда 
дамыту;
– қылықты кiнәла, бiрақ тұлғаны сыйлаудан жазба;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет