Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет93/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Оқу құрылымы
Оқу үдерісi қалай дамиды? Ол қандай кезеңдердi басып 
өтедi? Оның қатысушылары әр кезеңде не iстейдi? Оқу же-
келенген бөлiктер түрінде iске асып барады. Бұл бөлiктердің 
бiрiздi әрекетке түсуi 
дидактикалық үдерiстi
құрайды. 
Әдетте, оқудың бiтiмдi бiр бөлiгi сабаққа теңдестiрiледi. Әр оқу 
бөлiгiнде (сабақта) мақсатқа жету үшiн мұғалiм мен оқушы бiр-
лiктi iс-әрекеттің бiрiздi кезегiмен келетiн сатыларын өтедi. Ескi 
кiтаптарда жазылғандай, мұғалiм оқушыны таным жолымен же-
телейдi. Оны жекеленген кезеңдерден өткiзедi. Мұның себебi: 
дәстүрлi дидактика оқу үдерiсiндегi басты рөлдi оқушыға емес, 
мұғалiмге
бередi. Шешiлуi тиiс сұрақтар да осы жағдайға орай 
қойылатын едi, мысалы, жаңа бiлiмдердi анық та түсiнiктi баян-
дау үшiн педагог не iстеуi және қалай iстеуi керек, оқу үдерісін 
ол қалай басқаруы тиiс, оқудың сапасын қандай жолдармен 
тексерiп, бақылауы қажет. Ал қазiргi заман дидактикасы ортаға 
оқушыны
шығарады. Бұл жағдайда мұғалiм пәннің ерекшелiк-
терiн, оқудың нақты шарттарын, балалардың жасын ескеру-
мен, оқушылардың өз белсендiлiгi мен дербестiгiне сүйеніп, 
өз шәкiртiмен 
таным жолында 
бiрге
қадам атады. Олардың 
бiрлiктi iс-әрекетiнде келесiдей негiзгi кезеңдер ажыралады: 
– оқушылардың оқу сеп-түрткілері;
– оқушылардың тiрек бiлiмдерiн, ептiлiктерiн және 
тәжiрибесiн пайдалану;
– жаңа материал өтудi ұйымдастыру;
– өтiлгендердi жетiлдiру;
– оқудың нәтижелiлiгiн анықтау;
Әр кезеңде мұғалiм және оқушылардың өз мiндеттерi бел-
гiленедi, бiрақ олардың iс-әрекеттерiнің мақсаты – ортақ. 
Мұғалiм iс-әрекетiнің мәнi – басқару, оқушынiкi – оқып-үйрену, 


129
яғни бiлiм, ептiлiк, iс-әрекет тәсiлдерiн ұғып, игеру және олар-
ды тәжiрибеде қолдана бiлу. 
Бәрi сеп-түрткіден (мотивациядан) басталады. Ол сабақта 
ұсынылатын материалға оқушы ынтасын ояту үшiн қажет. 
Егер бұл қолдан келмесе, оқу табысқа жетпейдi. Осы кезеңде 
оқудың бастапқы өнiмi – оқушылар ұғымы қалыптасады. 
Қандай әрекетке келу қажеттiгiн бiлу үшiн мұғалiм 
балалардың сезiмдiк тәжiрибесiн, бiлiмдерiн, яғни олардың 
қандай да жолдармен (отбасыда, бала-бақшада, қоршаған 
ортада, бұқаралық ақпарат құралдарында, өткен сынып-
тар мен сабақтарда және т.б.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет