Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Педагогикалық үдерiсте сезiм, қисынды ойлау (ло-



Pdf көрінісі
бет79/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Педагогикалық үдерiсте сезiм, қисынды ойлау (ло-
гика) және тәжiрибенің бiрлiктi болу заңдылығы. 
Бұл 
заңдылыққа орай оқу-тәрбие үдерiсiнің тиiмдiлiгiне негiз болар 
жағдаяттар келесiдей: 
1) сезiмдiк қабылдаудың қарқыны мен сапасы; 2)
қабылданған мәндi парасатпен ұғу; 3) түсiнумен игерiлгендi 
тәжiрибеде қолдана бiлу. Оқу-тәрбие үдерiсiнде әрекет-қылық, 
бiлiм және ептiлiктер қалып талаптары мен ережелерiн берiк 
игеру үшiн сезiм, сана және әрекет бiрлiгiн қамтамасыз ету шарт. 
Егер бала тәрбиешiнің көздеген ниетiн қабылдамай, оған бей-
тарап және енжар қалып бiлдiрсе, нәтиже табысына қол жет-
пейдi. Әрқандай тәрбиелiк ықпал iшкi сезiммен қабылданбай, 
тәжiрибеден өтпей, оны тек ақылмен түсiнуден түсер пайда 
шамалы. Жүрек, бас, қол – бәрi бiрге әрекетке келмей, тәрбие 
жетiстiгi қолға түспейдi. 
5. Тысқы (педагогикалық) және iшкi (танымдық) iс-
әрекеттердің бiрлiктi болу заңдылығы. 
Бұл заңдылыққа 
орай педагогикалық үдеріске негiз болатын жағдайлар: 1) 
педагогикалық iс-әрекеттің сапасы; 2) оқушылардың өзiндiк 
оқу-тәрбие iстерiнің деңгейi. Бұл шындық: қандай ғажайып 
тәрбиешi болмасын, қаншама өз пәнiн жетiк бiлсе де және 
үйрету үшiн қаншама жанын салса да, ол оқушының енжарлығы 


110
мен салғырттығына душар келсе, жоспарланған iстен нәтиже 
күту – босқа кеткен еңбек. Кейде iзденгiш, талантты оқушыға 
үйрету қолынан келмейтiн тәрбиешi кезiгiп қалады. Осыдан - 
әр оқушы өз ұстазын тауып, ал әрбiр ұстаз өз шәкiртiне кезiксе 
– екеуiнің де бiлiм жолындағы бағы жанады. 
Педагогикалық үдерiсте көрiнетiн барша байланыстар 
аталған заңдылықтармен шектеледi деу - қате пiкiр. Iс жүзiнде 
заңдылықтар ауқымы ұланғайыр. Олардың тереңде жатқан 
бiрлiк, тәуелдiлiктерiн зерттеу ендi ғана қолға алынып жатыр. 
Сонымен, оқу-тәрбие үдерiсiнде педагогикалық жүйенің 
барша бiрлiктерiнің өзара байланысын бiлдiретiн маңызды 
заңдылықтар iске қосылады. Олар тәрбиенің тұрақты жоғары 
нәтижелерiне жету жолдарын белгiлейдi, ол нәтижелердің 
қоршаған ортадан, нәсiлдiктен және тәрбиеден тәуелдi екенiн 
көрсетедi; мұғалiмдер қызметi мен балалардың оқу әрекеттерi 
арасындағы байланыстарды ашады; тәрбиенің барша маңызды 
жағдаяттарының арасындағы тәуелдiлiктердi ескередi. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет